Менің Отаным - Қазақстан

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ы.
Жарайсыңдар балалар, үй тапсырмасын жақсы оқып келіпсіңдер.
- Балалар, біздің отанымыз қалай аталады?
- Біздің - Отанымыз Қазақстан.
- Ендеше, бүгінгі сабағымыз "Менің Отаным - Қазақстан" деп аталады.
ІІ. Жаңа сабақ.
Отан - адамның туып-өскен және тұратын жері (слайд 1). Адам ауылда, қалада дүниеге келуі мүмкін. Ата-анаңның үйі - сенің өмірге келіп, ержеткен үйің. Отан - отбасынан басталады. Ал сенің ең үлкен Отаның - Қазақстан (слайд 2). Ол - Қазақстанда тұратын барлық халықтардың Отаны. Қазақстан - үлкен ел. Мұнда өзен, көл, орман, жазықтар, таулар бар. (слайд 3-10)
Қазақстанда ауылдар мен қалалар көп. Кең байтақ жерімізде Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан (Ғарышкерлерді көрсету тақтадан). Қазақстан өсімдіктер мен жануарларға бай. Бұл байлықтардың бәрін халық пайдаланады. Тауларда қарағайлар мен шыршалар, жеміс-жидектер өседі. Онда барыс, арқар, аю сияқты түрлі аңдар тіршілік етеді. Орманда емен, үйеңкі, қайың, қарағаш, терек ағаштары бар. Жазық далада қызғалдақ, көкнәр, қоңыраугүл, беде, жалбыз, селеу және басқа да өсімдіктер өседі. Ал жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, киік, құлан, қарақұйрық тәрізді аңдар жүреді. (Жануарлар тақтада).
Біздің Отанымыздың жері өте бай және әдемі. Оны қорғай білуіміз керек.
Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - ел,
Қазақстан - туған ел.
Балалар, Отан туралы қандай мақал-мәтелдер, өлеңдер білесіңдер?
Отан отбасынан басталады.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Отансыз - адам, ормансыз - бұлбұл.
Отан оттан да ыстық.
Отан үшін отқа түс күймейсің. (слайд 11-15)
Жарайсыңдар! Балалар, Біздің Отанымыз Қазақстанның елордасы не?
Біздің елордамыз - Астана.
Иә, дұрыс айтасыңдар!

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: