Менің Отаным - Қазақстан

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

Қазақстанның елордасы - Астана қаласы (слайд 16). Астана - әдемі жас қала. Онда кең көшелер, аллеялар мен саябақтар бар. Қала Есіл өзенінің екі жағын ала орналасқан (слайд 17). Ол күннен-күнге көркейіп келеді. Мұнда үкіметтік мекемелер бар. Олар - Президент резиденциясы, Парламент үйі, Үкімет үйі. Қаланы орталықтар, ғимараттары көріктендіре түседі. Жастар үйі, Спорт сарайы, балалар мен жасөспірімдер үйі, цирк өте әдемі. Қалада институттар, университеттер, балабақшалар мен мектептер бар. Астанада ескерткіштер көп. Қазақстанның астанасын тамашалауға әр елден қонақтар көптеп келеді. (слайд 18)
Астана - арман қала,
Бағы бір жанған қала.
Тұрад ол жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да.
Астана туралы видеоролик. (3 мин)
Бұрын Қазақстан астанасы - Алматы болған, кейін Республиканың бас қаласы -- Астанаға көшірілді. (Слайд 19)
Алматы - Қазақстанның ең үлкен, әрі әдемі қаласы. Ол Іле Алатаудың байрауында орналасқан. Алматы - Қазақстанның мәдени орталығы. Мұнда көптеген университеттер, институттар, академиялар, театрлар, музейлер, мектептер, балабақшалар мен кітапханалар бар. Алматыда атақты адамдарға орнатылған ескерткіштер көп. Қалада Абайдың, Жамбылдың, Ш. Уалихановтың және басқа да белгілі адамдардың ескерткіштері бар. (слайд 20). Мереке күндері алматылықтар және қонақтар алаңға жиналады. Ол жерде неше түрлі ойын-сауықтар өтеді. Спорт сарайында спорттық ойындар бойынша жарыстар болады.
Ай астында әдемі,
Алматыдай қала жоқ!
Аялаған бар елі
Бақытты мендей бала жоқ.
Сергіту сәті. (1 мин)
Енді, балалар, алдарыңда қызыл хатқалта бар. Сендер оны алып жұптасып құрастыруларың керек.
Қайда орналасқанын айту. (слайд 21)
Жарайсыңдар! Сендерде мынадай суреттер шығу керек. Бұлар Астана қаласында орналасқан.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: