ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ 20 ЖОББДОМ
Пәні: қазақ тілі
Мұғалімі Сиырбава Роза Абдикаримовна
Сыныбы: 6 "А"
Мерзімі: 10. 03. 2017 ж.
Уақыты: 09:45
Тақырыбы: Менің атым - Қожа
Сабақ
тақырыбы:
Менің атым - Қожа
Білімділік:
Дамытушылық:
Тәрбиелік:
Оқушыларға Б. Соқпақбаевтың әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру. Хикаят бойынша оқушылардың ойын тиянақтау, Қожа мінезіне талдау жасап, өз көзқарастарын жүйелі айтуға үйрету.
Оқушының жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау, оқушының ой-өрісін мен дүниетанымын кеңейту, қызығушылығын ояту. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Қожа бейнесі арқылы оқушыларды тәртіпті болуға, адамгершілікке, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы,"Қазақ тілі" оқулығы.
Жетістік
критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден тақырыпқа қатысты негізгі ақпаратты таба алады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы Қожа жайлы толық ақпарат бере алады.
Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып көлемінде шағын сөйлемдерді құрау арқылы тілдесімге түседі, әңгіме кейіпкерлері туралы тың ақпараттар бере алады.
Негізгі
түсініктер:
Сатқын, алдану, сабақтан қашу, аңқау, бұзық.
Сабақта
қолданылатын
материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, парақшалар, кесте, желім қағаздар, доп.
Оқыту
әдістері:
Түсіндіру,сұрақ-жауап,"Мен ғажайыппын" тренингі,диалог, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, "Т" кестесі, жағдаяттық тапсырма, сұрақ-жауап, "Топтастыру" тәсілдері, сергіту жаттығуы.
Дереккөздер
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>