ы және ата-ана арасындағы тәртіпті қалыптастыру керек . 
Тәртіп болған жерде ғана оқушының алған білімі,
тәрбиесі көрінеді. 
Дарынды оқушыларды еркін ұстап,өз ойын ашық айтқызып ,ұялшақ болмай ,ширақ болуға үйрете отырып тәртіпті етіп тәрбиелеуге болады . 
Оқушының жақсы қасиеттерін көріп ,соны үнемі арқау етіп,жылы сөз айтып отырсақ оқушы бойында жауапкершілік қалыптасады . 
Ұстаз - әмбебап,білімдар ,сауатты маман иесі болса,шәкірт-ұстазының ұлағатты іс-әрекетін үйреніп,одан білім алушы ,жаны жақын,ой-мақсаты біртұтас,өсіп - өркендеуші өрені . 
Ұстаз әрі жолдас әрі дос болғандықтан ,шәкірт онымен ашық-жарқын ,жасқанбай пікірлесіп ойын анық айтса ,ұстаздың көңілі көтеріліп,шәкіртіне сырын ашып ,арман биігіне жетелейді. 
Ұстазын сыйламаған шәкірт өз ата - анасында сыйламайды. 
Өз ата-анасын, ұстазын ардақтамаған шәкірт адамгершіліктен жұрдай болып елінің елеулісі, халқының қалаулысы болмақ түгілі аталыбатаның үрдісінен де шыға алмайды . 
Сондықтан да мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісін рухани дамыта отырып,инновациялық ізденіспен жұмыс істеп білігі мен білімі жоғары ұлағатты ұстаз болуы керек. 
		Страницы: << < 2 | 3 | 4
