алім - ол рухани адамгершілігі жоғары,адамзаттық жауапкершілігі мол белсенді де жеңімпаз ,рефлексияға қабілеті басым коммуникативтік,ақпараттың және біліктіліктің басқа түрін меңгерген құзырлығы жоғары маман болу керек . 
Мұғалім білімнің өзіндік құндылығын анық саналы түсінуі үшін ғылыми-тәжірибелік әдістер мен өзіндік іс-әрекетінің нәтижелерін диагностикалайтын құралдармен қамтамасыз етілуі керек . 
Мұғалім мектеп пен білім беру саласының алдында тұрған басты мақсаттарды ой елегінен өткізіп ,өзін соған бағыттап жұмыс ұйымдастыруы тиіс . 
Мұғалімге өзіндік озық іс-тәжірибесін үнемі жүйелеп және қорытындылап отыруды ,
сондай-ақ іс-тәжірибені қажет ететіндерге түсінікті түрде жеткізе білу технологиясын үйретуді үнемі есте ұстауымыз абзал . 
Мұғалім әрбір оқушының психологиясына терең үңіліп және соған қарай әрекет жасауына қол жеткізуіміз қажет . 
Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы . 
Осыған орай оқушыға белгілі бір көлемдегі білім мен дағдыларды меңгертумен қатар табиғат ,
қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейту және оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің талабы . 
Ең бастысы ,мұғалім тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын,шығармашылығы мол парасатты азамат болуы керек . 
Қазіргі заман мұғалімі өз пәнін жетік біліп қана қоймай ,тарихи танымы мол ,педагогикалық-психологиялық тұрғыдан сауатты болуы керек. 
"Білім туралы" заңға сәйкес мұғалім оқушының мемлекеттік өлшем деңгейінен төмен түсірмей білім беруі тиіс . 
Ол үшін оқытудың белгілі технологиясын игеріп ,
оны жүзеге асыра білуі керек. 
"Білім мен тәрбие - егіз" дейміз,олай болса сауатты білім алу үшін бірінші бала тәрбиесін қалыптастыру керек 
Ол үшін мектеп табалдырығын аттаған күннен мұғалім ,оқуш
		Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>
