ренеді. Жауынгердің ұрыстағы іс -әрекеті кезінде бөлімше командирлерінің шеберлігі мен тапқырлығы, оқушылардың дене физикалық көрсеткіші және шыдамдылығы мен төзімділігі жеңіске жеткізуге көп роль атқаратынын көрсетіп түсіндіруге тырысамын. Әскери топографияны да осы тактикалық алаңда өткізуге тырысамын. Жер бедерімен жергілікті заттарды өз керегінше пайдаланып, өзі тұрған орнын дәл анықтап, қарсыластың қаншалықты және қандай жерді басып алғаны туралы баяндай алуын үйретемін. Құлабыз, карта бойынша жылжу, Азимут бойынша жылжу, көкжиек тұстарын анықтау, қолдағы кез келген зат арқылы ара- қашықтықты анықтауға үйретемін.
Тактикалық дайындықтың бір саласы инженерлік бөгеттер, яғни алдынан кездескен табиғи және жасанды бөгеттерден өте білу. Қолдан жасалған кедергінің үстінен, астынан өту, миналанған аймақ , оны залалсыздандыруды үйретемін.
Страницы: << < 3 | 4 | 5