ушылары осы іс-шарада Қазақстан Республикасының туын алып жүру, взводының міндетін абыроймен атқарып келеді. Мұнан басқа ескерткіш алдына гүл шоғын қою, құрметті қарауылға тұру рәсімдерін,қол жекпе-жегінен сүңгі-пышақпен,автоматпен ұрыс жүргізу, қорғану тәсілдерінен көрініс көрсетті.
Дала жиыны басталған күні оқушыларды сапқа тұрғызып оқу- бағдарламасымен, күн тәртібін, мектеп бұйрығымен, таныстырып қауіпсіздік ережесімен таныстырып оларға қол қойдырып аламын.
Қазақстан қарулы күштері жарғысын өткенде оқушылар сақшы міндетін орындап постыда тұру, тапсыру , қабылдау кезіндегі іс-әрекетін, тәуліктік наряд міндеттерін кезектесіп орындайды.
Ендігі кезек Азаматтық қорғаныс және мед-лық білім негіздері тақырыбына келсек, оқушыларға газтұмылдырық уақытқа кигізіп, жаралыны зембілмен "сегіздікпен" алып жүру тәсілдерін үйретемін. Бұл жерде тағы да айта кететін жайт, мен оқушыларға "Бәрің бірің үшін, бірің бәрің үшін" қағидасын АӘД сабағын оқи бастаған күннен бастап ұстануға үйретемін, сонда қиналған жерде ешқайсысы жеке басын ғана емес, взвод ол жанұясындай екенін ұғынады және болашақта да солай қалыптасады.
Үшінші кезекте әскерде күн режимінің орындалуы болса оқушылар таңертең сағат 7. 30 да мектепке жиналып денешынықтыру, жүгіру, жүгіріп келгеннен кейін белтемірдегі жаттығуларды, брусьядағы жаттығуларды орындайды. Бұл іс- шараны дене тәрбиесі пәні мұғалімі атқарады.
Атыс дайындығы бойынша бағдарламаға сәйкес оқу - жаттығу сабақтары жүргізіледі. Автоматты толық емес бөлшектеу , пневматикалық винтовкадан нысана ату сайыстары, магазин жарақтау сайыстары өткізіледі.
Тактикалық дайындық бойынша алатын болсақ, взводты екіге бөліп бірін шабуылға , бірін қорғанысқа үйретіп, жеке оқпана қазуды тапсырамын оқушылар оны қалай жабдықтауды үй
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>