ің көмегі болары сөзсіз, баланы аша түседі, қанаттандырады, ұқыптылыққа, зейінді болуға көмегі тиеді. Бірақ жаймен бұл сөздерден бас тартқан жөн. Себебі, баланың өз бетімен жұмыс жасау қабілетін жойып аламыз. Айналасына жалтақ етіп тәрбиелеу қаупі бар.
4. Қандай ойыннан бастаған жөн?
Алғашқы кезде бала үшін қиындық тудыратын ойындардан аулақ болуымыз керек. Бұндай ойындар баланы қорқытып, қызығушылығын түсіруі мүмкін. Сол себептен баланың әліне қарай жеңіл ойындар таңдағанымыз жөн. Үлкен адам баланың мінезін, жұмыс жасау қабілетін, әр баланың ерекшелігін білуі керек. Алдын-ала қосымша жаттығулар дайындаған жөн. Бала қиялын дамытуға арналған курсты бастамас бұрын алдын-ала дайындалған жоспарға сүйене отырып жасаған дұрыс.
5. Баланың еркіне қарай ойнату.
Балаға бірден жаңа ойын түрлерінен нешеуін ойнатқан дұрыс? Әрине, ойын түрлері өте көп. Дегенмен,олар бір-бірімен байланысты болуы керек. Ойынды таңдамас бұрын шығармашылық жағына мән беріп, қиялының дамуына көңіл бөлу керек. Көптеген ойынды бірден ойнату баланы жалықтырып жіберуі мүмкін. Бірақ, оның екеуі балаға таныс ойын болуы шарт. Бұл шартты қатаң ұстауымыз керек. Егер бір сабақта бірнеше ойын ойналатын болса, ойын шарттары да әр түрлі болуы тиіс. Бұл баланы шаршау мен жалығуға апармайды.
6. Ертегі көмегімен де қиялды дамытуға болады.
Көптеген дамытушы ойындарды қолданғанда ертегі көмегімен де бала қиялын дамытуға болады. Себебі, мектепке дейінгі балаларда ертегімен салыстыру арқылы қиялдауы басым. Сондықтан дамытушы ойындарды ертегі кейіпкерлерімен байланыстыра отырып өткізу бала қиялының дамуына, қызығушылығының артуына,ойлау қабілетінің дамуына үлкен септігін тигізеді.
7. Ойын еркіндікті қалайды.
Қандай ойын болса да еркін, әсіресе, бала еркімен жүріп тұратын қолайлы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>