Мектепке дейінгі жастағы балалардың қиялын дамыту

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

тері көріне бастаған бөбектердің бейнелеу өнері арқылы қабілеттері мен ойын ұштауға арналған ойындар мен тапсырмалар кіріктірілді. Бағдарламада қарастырылған ойындар қиялдың қарапайым алғашқы кезеңін дамытуға арналғн. Бағдарлама бойынша жұмыс жүргізу кезінде тапсырмаларды қызықты да тартымды өткізу үшін бірнеше қағидалар ескерілуі керек:



Қағидалар:

1. Бала жетістігіне қуана біліңіз, бірақ асыра мақтамаңыз!
Баланың қызығушылығымен ойналған ойынның ғана өз жетістігі болады.
Сол сияқты шығармашылық ойындар әрдайым қызықты, көңілді өтетіндігі белгілі. Ол үшін бала қиялын дамытуға, қызығушылығын арттыруға көмектесуіміз керек. Баламен жұмыс жасағанда ересек пен бала арасында жақсы қарым-қатынас орнау керек. Бала жұмысына қуану-шаттану, мадақтау бала шығармашылығының дами түсуіне әсер етеді. Бірақ асыра мақтау да балаға зиянын тигізетінін естен шығармауымыз керек. Әсіресе, үлкен ересек топтарда ескертілуі тиіс. Әр уақытта бала мүмкіндігін көрсетіп, бұдан да жақсырақ жасай алатынына сендіріп отыру керек. Сабақ соңында бала көңіліне күш беру үшін:
oo Бүгін сен қай жұмысты жақсы қиналмай жасадың?
oo Ал қай жұмыста қиналдың?- деген сияқты сұрақ бере отырып, бала қызығушылығын артырып, алға ұмтылуға көмек береміз.
2. Баланың қызығушылығы болмаса күштемеңіз!
Бала қызығушылығын бір сарынды ойындармен жалықтырмаңыз. Сабақ барысында бір ойынды қайталатып ойнату бала қызығушылығын жояды және жалықтырады.
3. Бала үшін жұмыс жасамаңыз,өз бетімен жұмыс жасауға бейімдеңіз!
Жаттығу кезінде ересек адамдар бала үшін жасап отырудан абай болғаны жөн. Баламен жұмыс кезінде ескерту сөздерді көп қолданбай, ("Жоқ-жоқ!", "Дұрыс!", "Осылай!") бірте-бірте арылған дұрыс. Алғашқы жұмыс кезінде бұл сөздерд

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: