е барыс пен көмектес септікті үйрету керек, тек содан кейін ғана ілік септігі мен жатыс септігінің кейбір мағыналарымен, осы септіктердің негізінде жасалған жатыс септігіндегі тіркестермен және кайда? (кай жерде?), (қайда? (қай жақта?), қайдан? деген сұрақтардың айырмашылықтарымен таныстыру керек.
Мекендік үстеулерді түсініп игеруге ерекше көңіл болу керек. Жатыс септігіндегі тіркестер септіктердің басқа негізгі формаларымен байланысты болып келеді, сондықтан практикада үстеулермен танысуды септіктермен бірге жүргізген қолайлы. Ең алдымен балалар ішінде - үстінде; астында - түбінде; жанында - қасында - маңында; алдында; артында деген үстеулердің айырмашылықтарын түсінуі керек. Аталған үстеу сөздер күнделікті өмірде жиі қолданылатын, түсінуге жеңіл әрі оңай сөздер. Мысалы: қарындашы қораптың ішіне, үстіне, астына қой; қораптың үстінен қарындашты ал; қарындашты қораптың ішінен алып таста; оны қораптың жанына қатарластырып қой. Бұл түсінікті бекіту үшін әрекет пен тілді салыстырып отырған өте маңызды.
Балалар сөйлегенде үстеулерді пайдалана білуге үйрету кезінде оны интонация арқылы бөлектеп, ерекшелеп көрсеткен дұрыс: үстел үстінде, астында жатыр; үстел үстінен, терезе алдынан алып тастады; үстелдің астына қойды, үстелдің астында отырды.
Балалар зат есімнің септік тұлғаларын үйреніп болғаннан кейін, оны сан есімдермен бірге қолдана білуге үйрету керек. Ол үшін практикада зат есімді бір деген сан есіммен тіркес құрап (бір шабдалы, бір алма, бір алмұрт) пайдалануға болады. Әрине, бұл кезге дейін балалар бір, көп деген сөздерді айыра білуге тиіс. Балалар әр түрлі сөздерді іріктеп ала отырып, бір сөзін олармен байланыстыра айтып үйренеді.
Бала үш жасқа қарағанда белгілі мөлшерде етістік лексикасын: ішу, беру етістіктерінің тұйық рай тұлғасын және жүре
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>