птегі мәтіндерді құрауды үйрене бастайды. Тілдің грамматикалық құрылымын бала ертерек меңгереді ауызекі сөйлеу де сөздерді әр түрлі формада (септеп, жіктеп, жекеше, көпше) түрлендіре қолдануға үйретіледі. Мысалы: "Отбасы" тақырыбын өткенде Менің атам бар. Менің әжем бар. Мынау - ана. Мынау - әке, сондай- ақ "Оқу құралы" тақырыбын өткенде қарындаш- қарындаштар, сызғш-сызғыштар, бояу-бояулар, дәптер- дәптерлер сонымен қатар, " Малдың төлі" тақырыбында Мынау - бұзау. Ол - сиырдың төлі. Мынау - құлын. Ол - жылқының төлі. Мынау- қозы. Ол - қойдың төлі т. б. балалар монологты және диалогты, сөйлеуді меңгереді, грамматикалық құрылымы байланыстырып сөйлеу арқылы жетіледі.
Грамматика, ең алдымен, сөздердің бір-бірімен қатынасын білдіреді. Ол қатынас - грамматикалық қатынас. Яғни сөйлемдегі сөздер грамматикалық формалар (жұрнақтар, жалғаулар) арқылы бір-бірімен байланысып, грамматикалық қатынасқа түседі. Сөйтіп, грамматика ойды түсінікті етеді.
Грамматикалық білім беру арқылы жеке сөздері бір-бірімен байланыстыру арқылы қолдана алуға жаттықтырылса, қосымшалар арқылы сөз топтарына сәйкес сөз жасау қабілеттері мен дағдылары қалыптасады.
Грамматика көптеген ережелермен анықтамалардан, күрделі қағида мен заңдылықтардан тұрады. Грамматикалық қағидалар белгілі жүйедегі заңдылықтар. Бұл заңдылықтарды балалар жете түсініп бермейді. Грамматикалық заңдылықтар адамның ақыл - ой әркеті болып табылатын таңдау (анализ), біріктіру (синтез), салыстыру (заттар мен құбылыстардың біріне - бірінің ұқсастын, айырмашылық белгілерін ажырата білу), абстранциялау, жалпылау сияқты амал-тәсіл ұғымдарды меңгеру оқушының сөздік қорын арттыруға көмегін тигізеді.
Қазіргі жеткіншектерімізді өзге елдің емес, өз елінің мәдениеті, өнері, дәстүрі этнопедагогика әле
Страницы: << < 38 | 39 | 40 | 41 | 42 > >>