Мектепке дейінгі балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру

Страницы: <<  <  12 | 13 | 14 | 15 | 16  >  >>

берді?" -- Ас қасықпен шай қасықты (таб. с. зат есім мен сын есім); "Неден жейді?" -- "Тарелкадан" (шығ. с); "Неден ішеді?" -- "Шыныдан" (шығ. с). Ойынның өзі және сұрақтар жүйесі баланы фразаларға құлақ қоюға үйретеді, әр түрлі септік тұлғаларын пайдаланып, сейлемдер құрастыруға көмектеседі.
Балаларға үстеулерді қолдануды үйрету сабақтарында міндетті түрде заттардың кеңістіктегі арақатынастарын көрсету керек. Ол үшін кубиктерді, пирамидаларды, кітаптар мен басқа да ойыншықтарды пайдалануға болады. Көрсетілетін әрекетті, мысалы, үйшік салуды, сөйлей отырып жасау қажет: "Кубиктің үстіне кубик қойып, қабырға тұрғызамыз. Қабырғаға таяу үстел тұр. (Зат пен қабырғаның орналасуын көрсету. ) Үстелдің, жанында маймыл мен түлкі отыр. (Көрсету. ) Үстелдің үстінде шынылар, үстелдің астында скамейка тұр". Нәрсенің, үстелдің астындағы және үстелдің үстіңдегі жағдайын міндетті түрде көрсету керек, сонда бала үстеулермен келген сөз тіркестерін оңай меңгереді және, ең бастысы, нәрселердің арасындағы нақты қатынасын ұрыс атайтын болады (8).
Арнайы грамматикалық жаттығулар картиналарды пайдалана отырып еткізілуі мүмкін. Оларды тиянақты түрде қарап шыққаннан кейін, сұрақтарға қысқаша жауап қайтарған соң.
("Бала не ішіп отыр?" - "Сорпа"; "Кыз не салып отыр?" - "Самолет"; "Катя сүтті неден ішіп отыр?" - "Шыныдан") толық сөйлем құрауға және айтып беруге көшу керек. Мұндайда балаларға етістіктен болатын екінші тәуелді мүшені жасау едәуір қиындық келтіретін жанама толықтауышты қалай жасайтындарын қадағалаудың маңызы зор. Мысалы: Катя Петямен бірге доп ойнап жүр; Кыз су сепкішпен ағаштарды суарып жүр.
Картиналар бойынша сөйлем құрауға арналған үлгі материал

Страницы: <<  <  12 | 13 | 14 | 15 | 16  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: