ынасты білдіру үшін қызмет ететін үстеулермен келген зат есімдер: Петя ағашқа жақын келді; Петя ағаштан алыс кетті. Қосымшалар мен үстеулердің сәйкес келуі (6).
Етістіктер: а) қимыл етістіктсрі: кету, жүгіру және басқа, ә) хал-күйді білдіретін етістіктер: ұйықтау, жеу, сөйлеу, б) әрекетті білдіретін етістіктер: сурет салу, жапсыру, қозғау және басқа; в) қосымшалы және қосымшасыз етістіктер: жүру келді; сурет салу - суретін салу; . . . жөнінде сұрау; г) өздік етістіктер: ертеңгілікті әзірлеу - ертенгілікке әзірлену, ойыншықты көтеру - басқышпен көтерілу, лифтімен көтерілу.
Материалдың түсін, тұлғасын білдіретін сын есімдер, сын есімнің салыстырмалы шырайы: көбірек, артығырақ, жіңішкерек, биігірек, қысқарақ, ұзынырақ және т. б.
Біз бұрын айтып өткеніміздей, тәрбиеші арнайы сабақтарда балаларға тілдік практика ұйымдастырады. Ондай сабақтарға арналған материал ойыншықтар, киімдер, аяқ киімдер, ыдыстар, тағамдар болуы мүмкін.
Мысалы, тәрбиеші алдына балалар өз сөзін белгілі бір үлгі бойынша жасалған сөйлем құрамында пайдалануды үйрету міндетін қояды: "бастауыш- тура толықтауыш баяндауыш", "бастауыш-тура толықтауыш жанама толықтауыш баяндауыш". Бұл мақсат үшін сюжетті ойындар пайдаланылуы мүмкін. Балалар ойнай жүріп, ересектердің қоршаған ортаға жасаған әрекетіне еліктейтін болады. Мұндай сюжетті-рольдік ойын "Қуыршақ үйіндегі таң" ойыны болуы мүмкін. Тәрбиеші белгілі мөлшерде ойын жағдайын жасай отырып, балалардан әрбір кейіпкердің әрекетін сипаттайтын сөйлемдер құрастыруды талап етеді: "Мама - қуыршақ ерте тұрады. Мама ас үйге келеді. Мама ботқа пісіреді. Қуыршақ Катя қолын, бетін жуады, тіс порошогымен тісін тазалайды. Катя ботқа жейді, сүт ішеді. Катя ойыншықтарды жинайды. Катя самолеттің, гүлдің, үйдің, ағаштың
Страницы: << < 10 | 11 | 12 | 13 | 14 > >>