Мектепке дейінгі балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>

суретін салады. Катя пластилинмен саңырауқұлақ, жеміс жасайды". Құрылатын сөйлемдердің әр түрлі болуы үшін ойынның сюжетін аздап өзгерту керек, яғни жаңа ойынның кейіпкерлер енгізіледі: аю, ит, басқа қуыршактар. Балаларға жетекші сұрақтар беріп, оларды сол фразалық үлгімен жауап беруге үйрету керек, мысалы: "Петя гүлді кімге берді?" -- "Петя гүлді мамасына берді". Ойыншық итті қуыршаққа қарай бағыттап жіберіп: "Ит кімге жақындады?" - "Ит Қатяға жақындады"; "Катя не істеді?" - "Катя иттің аяғын ұстады"; "Аю не істеді?" -- "Аю аяғын Петяға ұсынды"; "Осы кезде Буратино не істеді?" - "Буратино машинаны жасырды", "Буратино машинаны қайда жасырды?" - " . . . үстелдің астына, есіктің артына, шкафтын ішіне".
Көрсетілген әрекет бойынша біріккендік мағынаны білдіретін - мен, -пен жалғауы бар құрылымды енгізген қолайлы: итпен, аюмен ойнады; Петрушкамен, Незнайкамен сөйлесті; мамаммен, Танямен, Петямен, Ромамен бірге сурет салдым.
Көрсетілген әрекет бойынша құрылған сөйлемдерді балалар толықтай айтып шығуы керек. Егер бала сөйлемде қате жіберсе, тәрбиеші оны түзетуге және баланың, сөйлемді тағы бір рет қайталауын сұрауға тиіс.
Балаларды кажетті грамматикалық тұлғалармен фраза жасауға үйрету үшін ең қарапайым ойын әрекетін негізге алуға болады. Ойын әдісі белгілі бір грамматикалық құрылым бойынша балалармен әңгімелесудің фоны ретінде барлық септік тұлғаларын орнықтыру үшін пайдаланылады. Мысалы, тамақтандыру процесін көз алдына елестете отырып, мынадай құрылымдар жасауға болады "Мамам Петяны (таб. с. ) сорпамен, ботқамен (көм. с. ) тамақтандырады"; "Үстелге тағы кімді отырғызды? -- Аюды (таб. с. ) отырғызды"; "Оған не

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: