Мектепке дейінгі балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>

бер, алып бар, жу тәрізді бірқатар етістіктердің бұйрық рай тұлғасын да меңгереді.
Балаларды етістіктің өткен шағымен таныстыруды олар зат есімдердің септік жалғауларын үйренгеннен кейін бастау керек. Етістіктің өткен шағы, әдетте, жеңіл меңгеріледі және балалардың негізгі сөздік қорына енеді. Етістіктің өткен шағының материалдары негізінде балалардың тіліне сан есімдер оңай енетін болады. Сонан соң бала боламын етістігімен келер шақ тұлғасын меңгереді. Баланың тілінде келер шақ төрт жасқа қарай пайда болады.
Балалардың тіліне етістіктің түрлі тұлғаларын енгізудің ең дұрысы "әрекет - тіл" тәсілін пайдалана отырып, етістіктерге жалғанатын қосымшаларды қарастыру үстінде жүргізілетін жұмыспен байланыстыру керек. Мұнымен қоса бала белгілі бір картинаға сүйене отырып, қосымшамен келген етістіктің (кетті, кірді, келді, шықты) мағыналық реңкін байқай алуы мүмкін. Балалар қосымшалардың мағынасын үйреніп болғаннан кейін ғана, оның үстеулермен арақатынасын белгілеуге болады (. . . ішіне кірді. . . . артынан кірді, . . . ішінен шықты, . . . сыртын айналып шықты және т. б. ).
Болашақ тәрбиешілерге арнайы грамматикалық жаттығуларды жүргізу кезінде мынадай үлгілік дидактикалық материалдарды ұсынамыз:
Зат есімдерді табыс, барыс, көмектес, ілік септіктері бойынша үстеу сөздерсіз және табыс, барыс, көмектес, ілік, жатыс септіктері бойынша үстеу сөздермен қолдану:
а) сабақты етістіктерден кейін келген табыс септігіндегі зат есімдер: Балалар сурет салады, кітап оқиды, ертегі тыңдайды; Зоя тәтей ботқа пісірді, пирог пісірді; Витя ойыншыктарды жинайды; Таня пол жуады; Мамам ойыншық сатып әкелді; Мен телевизор көріп отырмын; Осы бөлімде өздік және өзгелік етістіктердің қолданылуын бөліп көрсетуге болады: Мен киініп жатырмын. - Мен қуыршақты киіндіріп жат

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: