түрлендіріп ұйымдастыруға тырысуымыз қажет. Сөздік-қимылды ойындар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, санамақтар, тақпақтар, ертегілер және суретті кітапшалар қолдану балалардың қиялын шарықтатып, дамытады.
Тіл дамыту, көркем әдебиет сабақтарында "Ғажайып қоржын", "Кім не істеді?", "Дыбысына қарап таны", "Төлдерін ата", т. б. ойын түрлерін пайдалану арқылы балалардың сөздік қоры молайып, есте сақтау қабілеті дамитынын байқаймыз.
Математика сабақтарында қолданған "Кім тапқыр?", "Сиқырлы сандық", "Қай сан жоқ?", "Тез жина", "Қай пішін жоқ?" сияқты ойындар барысында қызығушылығы туып, белсенділігі артатынын және логикалық ойлау қабілеті дамитынын аңғарамыз. Ал айналамен танысу сабақтарында қолданған "Қай мезгіл?", "Жеміс жинау", "Не қайда өседі?", "Жапырағынан таны", "Кім жылдам?", т. с. с. ойындардың тапсырмаларын орындау кезінде балалар өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады және табиғатты аялауға, қорғай білуге үйренеді.
Дидактикалық ойындар балаларды ұйымшылдыққа, достыққа, әдептілікке, мейірімділікке, үлкендерді қадірлеуге, құрметтеуге баулиды. Балалар алған білімдерін ойын барысында көрсете білуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, әділ болуға, қиындық кезінде көмектесуге, өз ойларын жеткізе білуге, қиялының дамуына, қиындықты ақылмен жеңе білуге жаттығады. Ойын барысында балаларды анық, асықпай сөйлеуге және айтқан сөзді, сөйлемді дұрыс түсініп қабылдай білуге, байланыстырып сөйлеуге дағдыландырады. Баланың ойыны ересек адамдардың еңбегіне еліктеуден өрістеп, бара-бара шын мәніндегі еңбекке айналады. Осының бәрі баланы мектепке даярлайды.
Ойын - балалар үшін қоршаған ортаны танып-білудің
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>