- құлық көріністері олар өсіп есейгенде де жалғаса беретіні сөзсіз.
"Таным" білім беру саласының базалық мазмұны, ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің түрлері: қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру,қоршаған ортамен таныстыру,экология негіздері, құрастыру арқылы жүзеге асады.
Ойын есептерін балалармен бірлесе отырып, әрқилы әрекеттер арқылы шешуге тырысамын. Қоғам дамуының айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі-ақпараттану болғандықтан, осы ойындар арқылы түрлі құбылыстарға тап болып, сырын білуге талпынамын. Қай кезде де балаларды өзімнің дегеніме, ықпалыма көндіруге тырыспаймын. Ойындық таным есептерін көрнекіліктер мен түрлі құралдарды қолдана отырып, бірге шешеміз. "Таным" оқу іс әрекетінде қарапайым математикалық ұғымдарды дамыта меңгертуді, жетілдіруді өз мақсатым деп білемін. Мысалы "Не артық", "Лабиринт", "Көршісін тап", "Кім шапшаң?" сияқты ойындар арқылы есту, байқағыштық, зейінін жетілідіріп, тапқырлық мақсатын көздедім. Өзім еңбек ете жүріп көңіліме түйгенім - баланың тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытындағы жұмыстармен қатар математикалық ұғымдарды оларды терең меңгеруіне, ойлауына мүмкіндік беру бүгінгі өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің ертеңгі болашағын айқындауда, тәрбиешілердің өз ісінің жеткілікті нәтижесін бағамдауы тиімді екені сөзсіз.
Ересектер тобында ойындар мазмұны күрделене түседі. "Дәріхана", "Супермаркет", "Шаштараз", "Пошта", "Асхана" т. б ойындар арқылы жүргізілген жұмыстар баланың танымын, түсінігін жан жақты байыта түседі. Түрлі жаттығулар арқылы балалардың зейінін ашу. "Зейін" деп психикалық әрекеттердің айналадағы заттар және құбылыстарға бет алып, бағытталып түйдектелуін айтады. Зейін
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>