ең жеңіл де ұтымды тәсілі. Сюжетті-рөлді ойынның ерекшелігі сол, оны балалар өздері жасайды. Мысалы, "Дүкен" ойнағанда балалар сатушы мен тұтынушының, "Кітапханада" кітапханашы мен оқырман, "Отбасыда" әке мен бала немесе ана мен бала, "Емхана" ойынында дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді. Көптеген балалар дәрігерлерден қорқады. Бала санасында дәрігерлердің жағымды бейнесін құруға көмектесетін - "Емхана" ойыны. Ол үшін емделуші мен дәрігер рөлдік ойынын пайдаланамыз. Дәрігер міндетті түрде ақ халатта болуы керек және тәрбиешінің өзі болғаны абзал. Келесіде дәрігер мен науқастың рөлдерін ауыстыруға да болады. Оған заттар дайындалады: дәке, мақта, дәрілер, т. б. Балаларға ойын барысында шын дәрілерді, инесі бар шприцті беруге мүлде болмайды, тіпті, бала тәрбиешілердің көз алдында болса да рұқсат етілмейді. Қазіргі кезде дүкендерден "Емхана" ойынына арналған көптеген ойыншықтарды кездестіруге болады. Олар пластмассадан жасалған және өте қолайлы. Балаларға "103" жедел жәрдемге қоңырау шалуды үйрете отыра, ойын барысында ненің қауіпті және ненің қауіпсіз екенін түсіндіріп отыру керек. Қуыршақтың іші ауырған болса, ең алдымен себебін анықтап аламыз. Себептері мынадай болуы мүмкін: қол жумай тамақ ішуі, жемістер мен көкөністерді шала жуып жеуі, кез келген затты ауызына салуы сияқты жайттар. Аю аяғын жарақаттап алған болса, жол үстінде ойнауы, оның абайсыздығы, т. б. Мұның тигізер кесірін де айта кету артық етпейді. Мысалы: олар енді ұзақ уақыт ауруханада жатады. Кей жағдайларда мүгедек болып қалу қаупі де бар деп түсіндіре кеткен жөн. Осы ойынды ойнау барысында балалар дұрыс, қате әрекеттерді ажыратуға үйренеді, мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық, қамқорлық сияқты сезімдері оянады. Міне, осындай
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>