Үшағаш негізгі жалпы білім беретін мектебі.
Психолог: Н. С. Жумаева.
Білімді ұрпақ еліміздің болашағы деп жар салудамыз. Ал, сол білімді ұрпақ бүгінгі таңда қаншалықты деңгейде екенін ойласақ, кез-келгеніміз мүдіреміз. Өйткені көп жерлерде бұл жайт кездеседі.
Мұндай жайттар көбәнесе ауылдық жерлерде орын алып отыр. Ауылдық жерлерде де өте сауатты, білімді, тәжірибелі мұғалімдер бар,әйтсе де олардың еңбегінің бағаланып жатқаны шамалы. Себебі , баланың оқуға қызығушылығының жоқтығы. Осы орайда әрбір ата-ана баласының білімінің төмендігін мектептегі мұғалімдерден іздемей, бір сәт өздерінен сұрап отырса. Көп жағдайда ауылдағы ата-ананың ойы:"Баламның киімі бүтін, тамағы тоқ болса болды" деген ойдан аспайды. "Балам мектепте сабақты қалай оқиды,қандай пәнге қызығады, тәртібі қандай" деген сияқты сауалдар кейбір ата-аналарды ойландырмайды. Тіпті оқу жылы ағымында мектепішілік өткізілетін ата-аналар жиналысына,келмейтін ата-аналар кездеседі. Міне осындай жайттардан сол ата-ананың баласы сабақты нашар оқиды, одан қалса сабаққа келмейді, сөйтеді де тәртібі бұзылады. Тәртіп болмаған жердебілім болмасы барлығымызға аян.
Ал, қазір оны дер кезінде мұқият қадағалап , баласының жүріс - тұрысын бақылап, сынып жетекшісімен , пән оқытушыларымен тығыз байланыс жасап, нәтижесін тексеріп отырған ата-ана жоқтың қасы. Дұрыс,мұндайда сынып жетекшіге үлкен міндет жүктеледі, бірақ бір сынып жетекші қай жағына үлгереді, өзінің бос уақытында ата-анамен тілдесейін деп барса, көбіне оның сәті түспейді. Сөйтеді де жоғарыдағыдай келеңсіз жайттар жиі қайталанып , бала үшін дағдыға айналады. Сол бала ең болмағанда жатар орынға үйіне барады, осы жерде неге ата-ана өз баласының бойындағы үлкен
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>