өзгерісті байқамасқа , неге өз баласымен іштартып ашық сөйлеспеске?!
Мұндай кезеңде әр баланың көңіл-күйінің өзгеруі , сабаққа ынтасының жоқтығы бірден сезіледі. Біздің көп ата-аналарымыз өз баласының бойындағы өзгерісті байқамақ тұрмақ ,алдымен мектеп ұжымының , сынып жетекшісі мен пән оқытушыларын кінәлап, олардың сыртынан баласының көзінше әртүрлі сын сөздерді айтып отырады. Оны ата-ана тарапынан естіген бала одан сайын есіріп, "менің осы жүрісім дұрыс екен" деген тоқтамға келеді.
Шындығында ата-ана да, бала да үлкен қателікке жол беріп отырғандарын білмейді. Уақыт өтіп кеткен соң бәрі кеш екенінкейін түсінеді. Мұғалім бала бойындағы үлкен өзгерісті байқап, кемшіліктерін айтса бітті,ата-ана баласымен қосылып сол мұғалімнің ізінен шырақ алып түсіп , оны қудалап, үстінен арыз-шағым жазуға дайын тұрады. Сондай қателікке ата-ана өзінің үлкен кемшілігі бар екенін сезініп, тәрбие беру барысында қай жерде ағаттық жіберіп, қай жерде мүлт кеттім деп ойланса ғой шіркін!
Міне, жыл бойы баласының білімінен , тәртібінен бір рет те хабар алмайтын ата-ана мұндайда мектепке және басқа да құзырлы орындарға жүгіріп барады. Осыдан келіп қазіргі таңда жоғарыдағыдай ата-аналарымыздың түсінігінің қай дәрежеде екенін байқауға болады.
Бәріміз де мектепте оқыдық, білім алдық, тәрбиелендік. Осыдан 20-30 жыл бұрынғы ата-ана басқаша еді. Ол кезде ата-ана баласын мектепке алып барған кезде "сіздерге сеніптапсырдық, еті сіздікі, сүйегі біздікі"деген сияқты кеңшілік пікір айтатын. Бұл жерде баламды ұрам десең өзің біл деген сөз емес, мұғалімге деген сенімділік. Ол кезде мұғалім баланы ұрмайтын, аракідік ұрған күнде де , бала өз айыбын біліп, оны үйіне айтып бармайтын, сол жерде қалатын. Ал,егер айтып барған жағдайда ата-ана баласының сөзін сөйлеп, жағын жақта
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>