Мектеп жасына дейінгі балаларды үй жағдайында тәрбиелеу мен оқытудағы жұмыс түрлері

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11  >  >>

алған заттарды қарап, түсін, беттік құрылымын (сипау арқылы) анықтауды ұсыну. Резеңкені тартуға ұсыныңыз. Резеңке серпінділігіне және иілгіштігіне байланысты (осы қасиеттерді допты дайындағанда қолданады) ол қайта қалпына келеді. Жылының әсерінен резеңке құрылымын өзгертіп, жабысқақ болатына назар аударыңыздар (сіріңке шырағында резеңкенің қыздырып көрсету).


Пластмасса, оның сапасы мен қасиеттері
Мақсаты: пластмассадан жасалған заттарды танып, олардың сапасы (беттік құрылымын, қалыңдығын, түсін) мен құрылымын (қаттылығын, иілгіштігін, жылу өткізгіштігін, балқуын) анықтау.
Пластмассалы стақанға су құйыңыз және ішінде қарамай не бар екенін анықтауды ұсыныңыз. Пластмасса түссіз болмағандықтан, анықтауға мүмкін емес. Сипау арқылы пласмассаның беттік құрылымын, қалыңдығын анықтауды ұсыныңыз. Стақанды шуақты жылы жерге қойып, 3-4 минуттан кейін температураның өзгергендігін (жылу) анықтауды өтініңіз. Егер стақанды бүксе, ол күштің әсерінен бүгілгені анықталады, ал егер көбірек күш салса, ол сынып кетеді.

Шыны, оның сапасы мен құрамы
Мақсаты: Шыныдан жасалған заттарды танып, оның сапасын (беттік құрылымын, қалыңдығын, мөлдірлігін) және құрамын (балқуын, сынғыштығын, жылу өткізгіштігін) анықтау.
Баламен бірге шыны стақанға боялған суды құйып, стақанның ішіндегісі неге көрініп тұрғанын (стақан мөлдір болғандықтан) сұраңыз. Ересек шыны беті бойынша жүргізіп құрылымын анықтайды,содан кейін сусыз стақанды шуақты жерге қойып, бірер минуттан кейін шынының температурасының өзгергендігін анықтайды.
Жіңішке шыны түтікті алып, оның орта бөлігін алау отқа (сіріңке) орналастырыңыз. Күшті қыздырылғаннан кейін майыстырыңыз немесе созыңыз: жоғары температураның әсерінен шыны балқиды. Аз ғана биіктіктен құлаған шыны заттар сынып қалады

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: