отбасылар аз емес.
Бүгінгі таңда ата-аналарға арналған жалпы білім беру топтарын құру, шағын аудандардың білім беру орындарында, ауылдарда және отбасында, баланы дамыту үшін бірыңғай кеңістік құру, мектеп жасына дейінгі баланың жетекші іс-әрекеті ретінде ойын іс-әрекетін және балалар мен ересектер үшін шығармашылық қорын насихаттау проблемасы айқындалып отыр.
Мұндай біріккен іс-әрекет ата-аналарды оқытуда қуатты және басты құрал болып табылады.
Отбасыларын зерттеу көп жағдайда ата-аналар ойын іс-әрекеттерін игеруге және балалар ойыны туралы пайдалы мағлұматтар алғылары келетінін куәландырады.
Ата-аналар үй жағдайында ойын үшін жаңа мүмкіндіктерді көрулері тиіс.
Кейбіреулері үшін, мысалы, макарондар "қуыршақтың туған күніне арналған моншақтарға", ал орындықта қалдырылған газет ойын добына немесе қайыққа айналуы жаңалық болады. Ата-аналарға ойын практикум сабақтарында алған тәжірибелері баламен құрылымдық қарым-қатынасын дамыту және оның сезімдік күшін қолдау үшін ойынның маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді. Көпшілігіне ойынды ата-аналардың нұсқауларынан өзіндік "демалыс" ретінде ұғынуына мүмкіндік береді. Ата-аналарда өзіндік эмоционалдық және ашықтық шекарасын білу мүмкіндігінің болуы тиіс, ал педагогтер осы шекараларға құрметпен қарауға үйренуі керек.
Ойынның маңыздылығын мойындай отырып, ата-аналар өзінің ойынға деген ынтасын, белсенділігін және қызығушылығын сезінуі тиіс.
Арнайы құрылған ойын кеңістігі жағдайында ата-аналардың ойындық мінез-құлық сипаттамаларын бақылаудың нәтижесі, айтарлықтай барлық ата-аналар бала территориясына бара бермейтінін және олар көбіне сарапшы немесе бақылаушы ретінде өз территориясында қалғанды ыңғайлы көретіндерін көрсетті. Сондықтан ата-аналарға өз баласымен және оны
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>