Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту мәселесі туралы

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

ан баланың 1 жасында - 6-10, 2 жасында -250-300, 3 жасында – 1500, 4 жаста - 4000-ға жуық, 5-6 жасында - 4000-5000-ға дейін баратын сөздік қоры жиналады. Тәрбиесіне, жоғары жүйке әрекетінің тобына, қозу мен тежелу қасиеттеріне байланысты балалардың сөз қорының мөлшері әртүрлі болады. Басқа адамдармен қатынасына, табиғатына, яғни генетикалық (тұқым қуалаған) ерекшеліктеріне, болмысты білуге арналған ынтасына, өмір сүріп отырған ортасының мәдениетіне байланысты алғашқы сөздері баланың көңіл – күйіне негізделген, өмір қажеттілігінен шыққан сөздер болса, кейіннен мағына тереңдейді. Ерекше ескеретін жай – баланың тілінің дамуында 3-4 жас аралығының маңыздылығы. Осы кезде баланың сөздерді дұрыс, анық айтуына көбірек көңіл бөліп, онымен сөйлескенде қателерін жөндеу маңызды. Бұл кезең ата-аналардан шыдамдылықты талап етеді, баланың мәлімет алуға ынтасы зор, сұрағы көп болады. Бір сұрақтан екінші сұрақ туындап, ересек адам мезі болуы мүмкін. Баланы дөрекі тыйып тастамай, сыпайы түрде көңілін басқа нәрсеге аударып жіберген жөн. Жалпы алғанда, ауызша сөз қорының дамуы 5-7 жасқа дейін созылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл байлығын дамытуда түрлі ойыншықтардың, әңгімелердің, балалармен серуендеп жүрген кездердің, сыртқы ортамен таныстырудың маңызы зор. Олардың есінде белгілі бір жағдайға, нақтылы әсерге байланысты сөздер жақсы сақталады. Бұл кезде баланың санасы нақтылы тітіркендіргіштердің әсерінен дамиды. Балабақшадан мектептің бастауыш сыныбына аяқ басқан балалардың жазбаша тілін дамытқан кезде ауызша тілінің маңызы зор екенін ұмытпау керек. Жауап беріп үйрене бастағанда баланың ішкі қабілеті дамиды. Ішкі ойын дәл жеткізу қабілеті баланың жеке басының санасының, ақыл – ойының дамуына байланысты. Сондықтан баланы дұрыс сөйлетіп, ойын дәл айтуға үйретуде тәрбиешінің орны е

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: