Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту мәселесі туралы

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

рекше.
Тәрбиеші тілі – бақшадағы балалардың сөйлеу тілін дамытудың негізгі көзі болып табылады. Жас шамасына қарай әр топтағы балалар өз тәрбиешілерімен шаруашылық – тұрмыстық және еңбек іс - әрекетінде қатынас жасайды. Тәрбиеші балалардың ойындарын ұйымдастырады, бағдарламада көрсетілген барлық сабақтарда балалармен сөйлеседі, кітап оқып беру кезінде балаларды көркем шығарма авторларының сөздерімен таныстырады. Демек, балалар тәрбиеленетін мекемелерде тілді дамыту потенциалының мүмкіндігі түгелімен тәрбиеші сөзінің сапасына байланысты. Балабақша тәрбиешісі үшін үлгілі сөйлеуді меңгеру - оның кәсіби даярлығының көрсеткіші. Сондықтан өзінің сөйлеу тілін жетілдіру - әрбір педагогтың адамгершілік және қоғамдық парызы.
Кейін балаларға беретін тілдік дағдыларды өзі жетік меңгеруі маңызды. Сөйлеу мәдениетіне ие болу дегеніміз – бұл тілдің барлық элементтерінің (сөздің, түбірдің, қосымшаның, жұрнақтың, жалғаудың, сөйлемнің әртүрлі типтерінің, ырғақтың) мағынасын түсіну ғана емес, сонымен қатар әдеби тілде олардың қалай қолданылатынын есте сақтау деген сөз. Әрбір адамның сөйлеу мәдениеті оның тілді сезінуіне және тілді сезгіштігінің қаншалықты дамығанына байланысты. Қазақ балабақшаларында жүргізілетін тіл жұмыстарын жүйелеп, кешенді зерттеу жұмысын анықтаған профессор С. Р. Рахметова бұл жұмыстарды төмендегідей құрамдас бөліктерге бөледі:
сөздік жұмыс;
сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс;
байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысы.
Бұл жұмыстар бір – бірімен байланыстырыла, бір – бірімен қатар жүргіледі. Бұл - тәрбиешінің еңбегі.
Осы еңбек нәтижесінде балалар нені меңгереді?
қойылған сұраққа тиісті жауапты, сөздерді қателеспей айтуға үйренеді;
сұрақтарға қатысты жауап болатын сөздерді бір – бірімен байланыстыра сөйлем құрастыруға үйренеді.

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: