ар қатарына қосамыз ба?- сұрағы арқылы, Егер болса, қандай белгілеріне қарай құс дейміз? Егер болмаса, неге құстар қатарына жатпайды?, т . б. салыстыруды іске асыруға болады.
Оқытудың мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне сай болуға тиіс. Алайда оқылатын материал үнемі оңай, жеңіл-желпі орындалатындай болуы қажет деген ұғым тумаса керек. Қиыншылық кездеспейінше, ойлау белсенді қызмет атқармайды. Екінші жағынан, шамасы жетпейтін қиыншылық кездессе, ой тежелуге ұшырайды, ерік күші мұқалады. Бұл ойлардан шығатын қорытынды-сабақтың түсінікті болуы шарт.
Материалды балаға ұғындыру, оларды білім алуға дағдыландыру көп жағдайда оқыту тәсілдеріне байланысты. Оларды түрлендіру, көрнекілік жағына баса назар аудару сияқты талаптар, міне, осыған орай туады. Балалар сөз, дыбыс, буын, сөйлем деген сияқты дерексіз ұғымдармен алғаш рет кездеседі. Бұл ұғымдардың мәнін нақтылап түсіндіру үшін сурет, кесте әліппе, т. б. көрнекіліктердің пайдасы мол. Соңғыларын ойын ретінде де пайдалануға болады. Ескеретін жай - шектеу. Себебі, бірден бірнеше көрнекілік ұсынуға немесе керегі болсын - болмасын кез-келген суретті ұсына беруге болмайды (олар тіпті ашық бояулармен әдемі әшекейленген болса да). Басы артық көрнекілік балалардың зейінін тұрақтандырып, жинақтауға көмектесудің орнына баланы алаңдатып, зиянын тигізуі мүмкін. Ал осы жастағы балалардың тілін дамыту мәселесі маңызды жұмыс екені талас туғызбас. Балалардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселесі Т. Шонанұлының, Ж. Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың еңбектерінде қозғалады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жұмыстары баланың балабақша табалдырығын аттаған сәтінен бастап, балабақшадағы ең негізгі пәндердің бірі-тіл дамыту сабағында үздіксіз жүзеге асырылса, қоғамның әлеуметтік қажеттілігін өтейтін, рухани бай тұлға
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>