r/> Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайтып, сөйлеу дағдысын жетілдіру үшін екі түрлі тапсырма орындатуға болады:
1. Ойыншықтар арқылы ауызша сөйлеу.
2. Сурет бойынша әңгімелету.
Баланың тілін дамытуда ненің пайдасы зор? Біріншіден, жұмбақтарды жаттатып, шешкізу пайдалы. Екіншіден, тіл дамытуда балаларды өте қызықтыратын тағы бір халық ауыз әдебиет үлгісі – жаңылтпаштар. Бала бір сөзді қайталап айта отырып, тез жаттап алады. Бір – біріне айтып, екінші бала да тез жаттауға үйренеді. Жаңылтпаштар көбінесе тілінің мүкістігі бар және қиын сөздерді айта алмайтын, дыбыстарды шатастыратын немесе кейбір дыбыстарды айта алмайтын балаларға көп көмегін тигізеді. Сөзі түсінікті, оқығанда тез жатталатын жаңылтпаштар баланың ой-өрісін дамытып, сөздік қорының молаюына әсерін тигізеді. Әрине, бұл тіл дамыту жұмыстарының басы ғана. Тіл дамыту барысында жүргізілетін таным қызығушылығын арттыру жұмыстарының өзгешелігі – талдау мен жинақтау процестерінің бірлігінде. Яғни, тіл дамыту сабақтары негізінен балалардың бұрыннан қалыптасқан сөйлеу дағдыларына сүйене жүргізіледі деген сөз. Бала тілінің дамуының алдыңғы баспалдағы балабақшада қалануы керек. Егер балабақшада баланың тілі дұрыс дамып, жетілмесе, тілдік нормалары қалыптаспаған болса, байланыстырып сөйлеуі нашар, сөздік қоры аз болса, бірінші сыныпқа барғанда оған тіл сабақтары өте ауырға түсетіні айтпаса да түсінікті. Сондықтан балабақша сабақтарының барлығында дамытушылық тапсырмалардың маңызы зор. Озық тәрбиешілердің іс-тәжірибесінен үйренудің, талмай ізденудің, біліктілікті көтерудің қажетілігін үнемі есте ұстауымыз керек. Себебі қазіргі балабақшада тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндер – болашақ 12 жылдық мектеп оқушылары.
Библиография:
1. Ж. Аймауытов. Психология/оқу құралы/. Алматы,199
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 > >>