Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту мәселесі туралы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту мәселесі туралы
Ағзам А. А. «Айголек» балабақшасы КМҚМ. Бозанбай. ШҚО.
«Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып өзге пәндерге түсіну мүмкін емес. . . ». Ж. Аймауытов.
Сәбилер мен мектеп жасындағы балаларды өз ана тіліне үйрету –тәрбиешінің кәсіби даярлығының маңызды көрсеткіші болып табылады. Баланың табиғат сыйға тартқан барлық интеллектуалдық қабілеттері ана тілін меңгерудің, әсіресе мектепке дейінгі кезеңде меңгерудің арқасында пайда болады және дамиды.
Бала ана тілінде ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын халықтың рухани байлығын мұрат етеді. Одан арғы жерде тәрбиеленушілердің өз заманының ғылыми жетістіктеріне сай болуы – тәрбиешіге байланысты. Балаларға ана тілін оқытуда кәсіби шеберлікті меңгеру үшін болашақ тәрбиешіге әдістеме теориясын ұғыну және ғылымға белгілі әдістерді меңгеру, яғни осы әдістерді жүзеге асыратын оқытудың аса маңызды тәсілдерін орындауға жаттығу керек. Әрбір жеке тұлғаның бойындағы жетістіктің де, олқылықтың да негізі бала кезде ,оның ішінде балабақшада берілетін білім мен дағдыға байланысты болады. Көрнекті орыс психологы Л. С. Выготский баланың жеке тұлға болып қалыптасу процесін бірнеше кезеңге бөліп қарастырады:
1) жаңа туған нәрестенің жады пайда болғаннан кейінгі кезең;
2) тәй-тәй басып, тік жүре бастағаннан кейінгі кезең;
3) алғаш сөйлеу дағдысын меңгере бастағаннан кейінгі кезең;
4) белсенді ойын кезеңі;
5) мектеп есігін ашқаннан кейінгі кезең;
6) 12 жасқа толғаннан кейінгі кезең;
7) жасөспірім жетілу кезеңі;
Жоғарыда айтылған әр кезеңді баланың даму, жеке тұлға ретінде қалыптасу жолындағы шағын секірістерге балайтын ғалым, әсіресе алғашқы сөйлеу дағдысын меңгеру мен балабақша табалдырығын аттау оқиғаларына ерекше маңыз береді.
А

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: