Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту мәселесі туралы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

дам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білген, көргені көп болған адам білімді болады,-деген ұлы Абай өсиетімен өз ұлының алғаш сөйлеген күнін оның рухани туған күні деп санаған белгілі неміс педагогы И. Фихтенің пікірі де жеке тұлғаның қалыптасуы мәселесін арнайы зерттеген Л. С. Выготскийдің жоғарыдағы ғылыми тұжырымдамасымен үндесіп жатыр.
Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін,олардың зейінін, қабылдау мен есін, ой-қиял ерекшеліктерін, т. б. білу керек. Мысалы, алты жасар баланың зейіні тұрақсыз, сабақ үстінде оның толқуы күшті, ал бөліну қасиеті мүлде жоқ десе болғандай, көлемі шағын болады. Оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ балаларды тыңдай білуге, тапсырмаларды дәл орындап жүруге үйрету керек. Олардың зейіндері заттарды бақылап, олармен жұмыс жүргізу арқылы тәрбиеленеді.
Суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда бала зейінінің тұрақтылығы арта түседі. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтерін, іс-әрекеттің түрлерін жиі өзгерту–олардың зейінін тәрбиелеуге көмектеседі. Мектепке дейінгі ес ерекшеліктері логикалық-сөздік байланыстардан қарағанда көрнекі бейнелердің басымдылығында. Сөздік материалды олар мағынасын түсінбестен, механикалық түрде жаттап алады. Қабылдау мен ойлауында да толып жатқан ерекшеліктер бар:олар ажырата қабылдауды білмейді, тұтас қабылдайды. Осыған орай, тапсырма бергенде дәлдеп, бөліктерге бөліп беру немесе заттар мен құбылыстардың құрамымен таныстыруды ескерген жөн.
Мысалы, олар «сөз», «буын», «дыбыс» ұғымдарын шатастырады. Ажырата қабылдауға салыстыру арқылы үйретуге болады. Мұнда тек әріп дыбыс,буын,сөздерді ғана салыстырып қоймай,заттар мен құбылыстарды да салыстыруға болады. Тауықты құст

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: