Механикалық толқындар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9. 3D бөлім - Толқындық қозғалыс
Мектеп: НЗМ Орал қ.
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 9
Қатысқандар саны:10
Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы
Механикалық толқындар. Көлденең және қума толқындар. Толқын ұзындығы мен таралу жылдамдығы. Толқын ұзындығының таралу жылдамдығы және период (жиілік) арасындағы байланысы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
-жіп немесе серіппенің тербеліс мысалында, сондай-ақ басқа да тәжірибелерді қарастыра отырып, толқындық қозғалысты сипаттау;
-толқындық қозғалыс үшін жылдамдықты, жиілікті, толқын ұзындығын, амплитуданы анықтау және келесі формуланы пайдалана отырып есеп жүргізу: жылдамдық жиілікxтолқын ұзындығы;
-көлденең және бойлық толқындарды сипаттау және салыстыру;
-қарапайым мысалдармен суперпозиция принципін түсіндіру және пайдалану;
-дифракция бойынша тәжірибелерді түсіну, мысалы, толқындық ваннадағы су толқынының дифракциясы;
Сабақ мақсаттары
Механикалық толқындар туралы ұғым қалыптастыра отырып оның түрлері мен оларды сипаттайтын шамаларды ұғындыру.

Жетістік критерийлері
Оқушылар біледі:
Білу:
- Механикалық толқынды және олардың түрлерін біледі
Түсіну:
- Толқындық қозғалысты түсінеді;
Қолдану:
Толқынды сипаттайтын шамаларды есептер шығаруда қолдана алады
Талдау:
- Толқындық қозғалысты график арқылы сипаттай алады
Жинақтау: Толқынның қасиеттерін ажыратып, демонстрацияларды қортындылай алады.


Тілдік мақсаттар

Арнайы пәндік лексика және терминология:
Көлденең, қума, толқындық қозғалыс, перпендикуляр, параллель, толқын бағыты, тербеліс, вибрация, серіппе, дыбыс, толқын

Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: