болмаса, ол өз әрекетінің қатесіздігіне сенімді болса, жаңа сабақ ұзақ мерзімге есте сақталмайды. Бала кейін өтілген теореманы практикада пайдалана алмайды.
Ендеше, жаңа сабақты түсіндіруде мұғалім есеп және оған кері есеп құру арқылы қалыпты емес әдістерді пайдаланып, өмірден алынған мысалдар арқылы түсіндірсе, нәтижесі ойдағыдай болады.
b
à
â
â
â
æ
(уы керек. Мұғалім қызып кетіп 20-25 минут сабақ түсіндіріп, қызығушылығын арттырып меңгертемін десе ол қателеседі. Көп сөзділік баланы жалықтырып жібереді де, нәтижесі керісінше болады.
Келесі заңдылықта, балаға қатал талап қою арқылы ережелерді жаттату, қалыпты алгоритм арқылы есеп шығаруға дағдыландыру балаға шабыт туғызбайды. Сабақты түсіндіру кезіндегі бірлескен еңбек қана баланы материалды тез, әрі берік меңгеруге баулиды. Оқу-тәрбие процесінің негізгі үш көзі бар: ғылым, шеберлік және өнер.
Жаңа сабақты түсіндіруде мұғалім сол материалды өзі жете меңгеріп, түсіндіру үстінде әдістемелік шеберлік танытып, психологялық өнермен қаруланса, оқуша материалды саналы түрде меңгереді, ал бұл сабақ түсіндірудің ең негізгі заңдылығы.
Енді осы заңдылықтарға мысалдар келтірелік: Біз «Қысқаша көбейту формулалары» тақырыбын түсіндіруде қолданылған үш әдісті талдап, тиімдісін ажыратайық.
Бірінші әдіс. Мұғалім жаттығулар жасау барысында баладан қысқаша көбейту формулаларын жатқа айтып беруді талап етеді. Бірақ, бұл талапты оқушылардың бәрі ережелерді есте сақтамағандықтан орындай алмайды. Оқушының есте сақтауын қамтамасыз ету үшін мұғалім келесі сабақтарда 3-4 минуттық жаппай сұрау жүргізеді. Сөйтіп, көп қайталанса да кейбір оқушылардың есінде ережелер сақталып қалмайды.
Екінші әдіс. Бұл әдісте есеп шығару кезінде оқушы білмесе, мұғалім оқулықтағы ережені оқытады да ә
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>