Ә. Марғұланның ауыз әдебиті мұралары

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>

рқыт ата туралы еңбегі. Әлкей Марғұлан «Қорқыт VIII ғ. мұрасы. Қорқыт тарихи дәуірде Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз, қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан қария, ақылшы батагөй, асқан ақын (ұзан), болашақты болжап сөйлеген сәуегей кісі болған. Ол кісі туралы айтылатын қария сөз Азиядағы түрік тілдес елдердің көбінде бар. . . » 4, 3-18бб. дейді.
Әлкей Марғұлан Қорқыт жырлары мен күйлерін зерттелу тарихына тоқтала келіп, бұл салаға үлес қосқан белгілі ғалымдар В. В. Бартольд, А. А. Диваев, И. В. Аничков, И. Жетпісбаев, В. А. Кастанье, В. А. Каллаур, П. И Спридонов, А. Н. Самойлович, М. О. Әуезов, А. В. Затаевич, А. Жұбанов т. б. деп, атай келе, олардың әрқайсысына терең талдау жасайды.
Әлкей Марғұлан. Ғалым сөз еткен Қорқыт жырының тағы бір кереметі имандылық, кісілік, қанағатшылдық жайындағы тәлімдік ойлары мен афоризм сөздері. Ол Қорқыт айтты: Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды. Ұлың өсіп жетілсе, от басының мерейі. Қолына өткір қылыш алып, соны жужай білмеген қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі . . . Қонағы жоқ қараша үйден тулазыған тұз артық . . . Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік сөз өрге баспайды» 8, 10б. т. б. деген асыл сөздер.
Көне халық мұрасын жеріне жеткізе зерттеген, сөйтіп, артына он екі томдық бай мұра қалдырған әрі тарихшы, әрі этнограф, әрі фольклорист, әрі педагог, әрі музыкатанушы, сегіз аспап ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан атамызды халықтың тарихи танымының тарланы деуге лайық.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Жұбанов М. Өскен өнер. Алматы, 1985. 223 бет.
Сағадиев А. Адамзаттың Манасы. Алматы, 1990. 236 бет.
Атабаев Қ. Тари

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: