Ә. Марғұланның ауыз әдебиті мұралары

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

ырып, эпикалық бейнелер, кісі аттары, тарихи оқиғалар «Манас» жырында тұрақты емес, жиі өзгеріп, кейде қиғаш болып жатады дейді.
Ғалым Манас жырында мынадай жер, су аттары жиі кездесетінін айтқан. Іле, Тоқырауын, Ақтоғай өзендері, Қарқара тауы, Бозтөбе жері, сондай-ақ қазіргі Жоңғар өлкесінде «Манастың тамы», «Манас өзені», «Манас ойпаты», «Манас қаласы», «Манас бекеті» деп аталатын бірнеше географиялық атаулар бар. Ондай атаулар Тарбағатай, Алтай тауларында, Орталық Қазақстан жерінде де жиі кездеседі. Бұған қарағанда «Манас» жыры Алтай, қалмақ, қазақ, қырғыз елдеріне ортақ болғанға ұқсайды. Манастың атасы Жақыптың Шораларға айтқан:
Кіндік кескен жерлерің,
Кіріңді туған жерлерің
Кебес бір таудың бер жағы,
Шалқып жатқан кең Ертістің басы 6, 129-131бб. , дегеніне қарағанда Түрік қағанаты кезіндегі Алтай мен Ертіс бойының саяси-шаруашылық, әлеуметтік мәнін еске түсіреді деп, Әлкей Марғұлан өз ойын соны деректермен тұжырымдайды.
«Манас» жырын кезінде Шоқан Уәлиханов та зерттеп, оның «Көкетайдың асы» деген бөлімінің мазмұнын орыс тіліне аударып, «Манас» жыры қырғыз халқының ертедегі шаруашылық кәсібі мен тұрмыс салтын суреттейтін энциклопедиялық шығармай 7, 38б. десе, ұлы ойшыл академик М. О. Әуезов Қырғыздың «Манас» жыры ертедегі гректердің «Иллиада-Одиссеясы» сияқты әлем мәдениетінің алтын қорынан үлкен орын алатын кесек туынды» деп, зор баға берген болатын. Ал Әлкей Марғұлан «Манас» жырының әр нұсқасының мазмұны мен шығу тарихын тарихи көне деректерге сүйене талдай отырып, «Манас» бір дәуірдің туындысы емес. Ол көп заманның оқиғаларын, талай ғасырдың аңыздарын, эпикалық сарындарын тұтастырып айтқан ғаламат эпопея» деп ой қорытқан.
Әлкей Марғұланның көшпенділердің көне мәдениеті жөніндегі зерттеу еңбектерінің ішіндегі ең құндыларының бірі Қо

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: