ры онда кездесетін жер аттары да алғашқы коғам дәуірін көз алдымызға елестетеді деген түйін жасайды. Бұл жырлар ғасырлар бойы талай өзгеріске ұшырап, бұрынғы ерлік жырынан ертегіге айналып кеткен дейді.
Әлкей Марғұлан Манас жырын талдай келе қазақ пен қырғыздың салт-дәстүрінің ойын-тойының ұқсас екенін жамбы ату, күрес, аударыспақ, сияқты ойындарымен салыстырған. Салыстыру арқылы қойы қоралас, ауылы аралас екі елдің әдет-ғұрыптарының, тұрмыс-тіршіліктерінің ұқсастығын дәлелдейді.
Шоқан жазып алған Манас жырының нұсқасында Жақып Манасқа «аты ырғайдай, өзі торғайдай» болғанша ел сабылтып қалыңдық іздейді. Ақыры өзімен аралас Қараханның Қаныкей атты қызын ұнатып, баласына айттырмақ болады. Қаныкейдің әкесі Қарахан Жақыпты менсінбей «менің қызым хан ұлына, ал сенің ұлың құл қызына лайық» 3, 2-3бб. деп кемітеді. Манас мұны естіп ашуланып, Қараханды шауып, қызын зорлап алмақшы болады. Қаныкей Манастың айдынын көріп және жігітті ұнатып, қасына қырық қыз ертіп, қырық шатыр тіктіріп, Манастың жігіттеріне қыздарды тарту етеді де, өзі Манаспен қосылады.
Академик В. В. Радлов жазып алған нұсқада Манастың әкесі Жақып: «ұлымы лайық қызды қытай, сарт, қалмақ, қызылбас (Иран) жұртынан таппадым. Тек қана саған келіп табындым» 4, 3-18б. деп Темірханға құда болуға ниет білдірген.
怀ᲄ愂摧䖊ºᜀАл Шоқан жазып алған нұсқада Манастың жаулап алған әр елден олжалаған бес әйелі суреттеледі, «Қаныкей тарихта болған атақты Тоқтамыс ханның қызы еді. Тоқтамыстың Қаныкей, Жүнікей деген екі қызы болған. Олардың бейіті Қырымда күні бүгінге дейін тұр» 5, 123-126бб. дейді. Әлкей Марғұлан Тоқтамыстың қызы мен Манастың өмір сүрген дәуірі арасында екі-үш ғасыр алшақтық бар. Шоқан аңызға сенгені болуы керек дегенді айтқан. Әлкей Марғұлан жырдың әр нұсқасын тарихи деректермен салыстыра қараст
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>