Ә. Марғұланның ауыз әдебиті мұралары

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

r/>Әлкей Марғұлан тарихи деректерді жер,су аттарына аңыздармен де үйлестіре зерттеген. Мәселен, Ыстық көл маңында жұртта қалған жетім баланы бұғы асыраған тауды «Бұғылы» деп, кейін қырғыз елінің бір бұтағының бұғылы атанғанын аңыздарға сүйене отырып байқайды. Аңыздардың негізсіз қиял емес, ел-жер тарихымен байланысты туатынын дәлелдей түседі.
Үйсіннің жылқысы қытай әскерлерінің назарына ерекше ілінген. Боз ат мініп шыққан үйсіннің жігіттері қытайларға «тәңірідей» көрінген. Сондықтан, қытай хандары үйсіннің бектеріне өздерінің қыздарын беріп, құдаласып, қалыңдығына жүз боз жылқы алатын болған.
Ал үйсіннің бектері қытайдан алған ханшаларына арнайы сарай салдырып, қыста сонда қыстап, жаз жайлауға шығатын болған. Негізінен күріш, мейіз жеп өскен қытай хандарының қыздары көшпелі тұрмысқа көндікпеген. Қазақтар оларды «мекіре қатын» (суда үйренген балық деген сөз) деп атаған.
Осындай жағдайдан туған қытай ханы қызының еліне өлеңмен жазған хатында былай деген:
Туған елімнен айрылып,
Жат жұртқа мені ұзатты.
Аталы жұрт, арту ел
Үйсіннің ханы некелеп,
Басыма салды тұзақты
Ішетіні сүт болып,
Жейтіні ылғи ет болып,
Тұратын орны киіз үй,
Мен сағынып елімді
Өртенді ішім өрт болып.
«Мекіре қатыннан» 1, 223б. туған үйсін бектерінің қыздары ол кезде қытай жұртына барып оқып, өнер үйренген. Олар қытай астанасында оқып, музыка үйренеді екен.
Әлкей Марғұлан ескі дәуірде шыққан эпостық жырлардың бүгінге дейін сақталғандары ретінде мыналарды атайды: «Ер Төстік», «Төлеген батыр», «Сүр мерген», «Хан мерген», «Шолпан мерген», «Құла мерген, «Қара мерген», «Жерден шыққан Желім батыр», «Ер Досан» т. б. Бұлардың ішінен «Ер Төстік» 2, 236б. ежелгі дәуірде шыққан бақташылық жырлардың ерекше түрі, тарихи дәуірден қалған әңгіме ерлік жы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: