МҰҒАЛІМ ШЕБЕРЛІГІ-ОҚУШІ ЖЕҢІСІ

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

ір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болу шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет, ғаламдасуға байланысты "Ғаламтор" жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болу қажет.
Оқушыларым мектепішілік, аудандық, облыстық, байқауларда жоғары дәреже көрсетіп, менің еңбегімнің жемісі бағаланды. Бұл ұстаз үшін үлкен жетістік. Елбасымыздың да ұстаз мәртебесін көтеруіміз қажет деген сөзіне дәлел болады. Жаңалықтың жаршысындай өзіме зерделеп, зерттеп- қазір бой жарыстыратын заман емес-ой жарыстыратын заман деген қағиданы басты назарда ұстаймын, оқушыларымның білім сапасын жете қадағалап отырамын. Мен тәрбиелеген оқушылар функционалды сауатты, патриоттық рухы жоғары, отандық біліммен сусындаған болашақ ел тізгінін ұстайтын жеке тұлға болып қалыптасатынына сенімім мол.
ҚР орта білім беру жүйесі дамуының мемлекеттік тұжырымдамасында "Кез-келген білім бағдарламасының табысты орындалуы мұғалімге байланысты. Оның кәсіби шеберлігі нысаналы бағдарламаны да, оқу жоспарын да биік деңгейде жүзеге асыруға ықпал ете алады, ал кәсіби дәрменсіздігі істі құлдыратады. . . " делінген. Жеке тұлғаны тәрбиелейтін адам - мұғалім, мұғалімге сенім білдірмесе, оқу игі жеміс бере алмайды, сондықтан қоғамымыз мұғалімге үлкен сенім артып отыр.
Осыған сүйене отырып, мен білім беру барысында оқушыларымның функционалдық сауаттылығын дамытуды жолға қойдым. Мұғалім даму жұмысының көшбасшысы екенін ескерсек, менің жұмыс жүйем: жаңа бағдарлы оқытудың барысында алдымда тұрған келелі міндеттердің бірі - оқушылардың өз бетімен жұмыстануына, ойлауына мүмкіндік жасау. Практикалық білімнің маңыздылығын ашатын әрүрлі интер

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: