активті және топтық жұмыс түрлерін ұйымдастырамын, оқыту әдістерін өзгерту, үнемі іздене отырып, жаңалықтарды біртіндеп жұмыс жүйеме енгізіп отырамын. Білікті білім беру жағдайында білім, іскерлік, дағдының міндеті өзгереді. Мен сабақтарымды 7 модульді қолдана отырып, жүргізіп келе жатырғаныма 5-6 ай уақыт өтті. Осы аралықта оқушылар сабақ барысында бір-бірімен әріптестікте жұмыс жасай отырып, өзара білім алмаса білді. Жұптық, топтық талқылау барысында ұйымдастырушылыққа үйренді, бірін-бірі түзетеді, оқытады. Сыныпта белсенді ашылып өз ойын білдіре қоймайтын оқушылар білек сыбанып, қызу жұмысқа кіріскенде шынымен де өз жұмысыма сырттай рахаттанып, сүйсінетін кездерім көбейді.
Мұғалім - қоғам айнасы. Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрелік. Бүгінгі мұғалім ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім оқытушы, мұғалім-ұстаз, мұғалім-оқулық авторы, мұғалім-технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.
Ұлттық мемлекеттің дамуы, өркениеті негізгі үш шешуші кезеңнен тұрады:
1. Жаңа ғылыми жаңалықтарды игеруі
2. Білімнің деңгейін көтеруі
3. Мамандардың кәсіби білімімен айқындалуы
Белгілі педагог К. Ушинский: "Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды" - деген. Сондықтан ұстаз-шәкірт-ұстаз болуы қажет. Белгілі ағартушы педагог ғалымдар: С. Қалиев, Ә. Нысанбаев, Ш. Т. Таубаева, Қ. Жарықбаев, Б. Барсай тағы басқа ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, мұғалімнің мәдениеті мен шеберлігін, интеллектуалдығын бірнеше бөліктермен анықтауға болады.
1. Мұғалімнің сыртқы келбетінің мәдениеті
2. Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі
3. Мұғалімнің кәсіби мәдениеті, әдебі, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, демалу
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>