МҰҒАЛІМ ШЕБЕРЛІГІ - ОҚҰШЫ ЖЕҢІСІ
Адахамова Салима Дехканбаевна.
12 Т. Рүстемов атындағы мектеп-гимназия биология пәні мұғалімі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған мұғалім болу - уақыт талабы. "Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең "сынампаз" бөлігі болып табылады", - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді. Мұғалімдердің 80 пайызы ескі бірсарынды сабақтарын жаңа бағытқа бүрды.
Дәстүрлі сабақ
Заманауи сабақ
Бәрін үйретуге болады.
Бәрін үйренуге болады.
Белсенді қызмет орталығы мұғалім.
Белсенді қызмет орталығы оқушы.
Оқушы пассивті қадағалаушы.
Оқушы белсенді қадағалаушы.
Мұғалім тер төгіп жұмыс істейді.
Оқушы тер төгіп жұмыс істейді.
Мұғалім пәнін меңгерген.
Мұғалім тиісті материалды оқушының қабылдау ерекшеліктеріне бейімдеу біледі,пәнді өзіндік заттан оқушыға арналған затқа айналдыра алады. Пәнді өмірлік маңызды біліктерді қалыптастыру үшін пайдалана біледі.
Сабақта мұғалім білімді жеткізуші.
Оқыту үдерісі орталықтандырылған емес
Сабақ-моноспектакль,мұғалім осы спектакльдің режиссері әрі орындаушысы. Мұғалім функциясы-білім беру
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>