ізді түрлері бар. Қазақ зергерлері шашбауды негізінен күмістен қақтап соғады,ұшына теңгеден(сөлкебай ) шұбыртпа тағылып, түсті масатыдан,жібектен ызылған шашақтармен әсемделеді.
Матадан жасалған шашбаудың ұшына зер шашақ тағады, оның жоғары жағынан бунақтап құндыз тұтып қояды. Шашбауды бұрымға қоса өриді, сосын шаштың ұшына таяу жерінен бір шалып байлайды, сөйтіп, бұрымның ұшын бекітеді. Жасы ұлғайған әйелдің шашбау қарапайым болады. Шашбау әйел шашының өсуіне ықпал жасайды, басқа массаж істеп, денсаулықты түзейді. Халықтың ескі наным-сенімі бойынша, шашбау шаш арасындағы шайтандарды қашырады.
Шолпы
3-сурет 4-сурет
Күміс немесе алтын тиындар қадалған осы шашбауды "шолпы" деп те атайды.
Бойжеткен қыз баланың жүрісін,қимылын түзеу үшін қоңыраулы шолпыны бұрымына таққан. Содан қоңыраулы шолпы таққан қыз бала үй арасында жүргендер,жүгіргенде,күлгенде ол сыңғырлап дыбыс беріп,үйдегі үлкендер қалжыңынқойып,әдеп сақтаған, бойжеткен жұрт назарын өзіне аударғанына ұялып, жүгіріп,секіруін тиған.
"Шолпы" деген ұғым балықтың судағы секіріп ойнағанынан шыққан сияқты.
Жас қыздар мынандай шолпы таққан:
1. Үзбелі шолпы;
2. Қос үзбелі шолпы;
3. Маржанды шолпы;
4. Меруетті шолпы;
5. Ақық шолпы;
6. Қоңыраулы шолпы;
7. Тізбелі шолпы;
8. Сағат баулы шолпы;
9. Қозалы шолпы;
10. Сылдырмақ шолпы;
11. Көзді шолпы;
12. Алтын шолпы;
13. Күміс шолпы;
Шашқап
5-сурет
Ол шашты,бұрымды шаң-тозаңнан, күн көзінен қорғайды, сәндік бұйым ретінде қолданылады. Оны мақпал, шұға, барқыт, мауыты тәрізді көк, қызыл түсті маталардан бұрымның ұзындығы мен жуандығына орай пішіп, тігеді. Шашқаптың жоғары, төмен жағынан ою-өрнекпен безендіреді , зер, оқа моншақтарымен
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>