стар қоғамы құрылып, сол қоғамның "Балапан"атты қолжазба журналына редактор боп сайлануы Уфадағы әдеби орта, медрессе "Ғалияда" сабақ беретін татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовпен жиі ұшырасуы,жаңадан бас құрап ұйымдаса бастаған әдеби ортаның жалындап тұрған жас талапқа жәрдемдесуі,-осының бәрі темірқанат балапан таланттың қауырсыны тез жебеленіп, "Шолпан" атты (1912) тырнақалды жинағының басылып шығуына себепті.
"Шолпан" жинағы Мағжан Жұмабаевтың ақындығының жас шағына, бірінші,бастапқы кезеңіне (1910-1912) нүкте қойып қана қоймайды. Бұл әдебиетіміздің Ыбырай Алтынсарин,Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың жақын есімдерімен тығыз байланысты ағартушылық кезеңінің соңғы бекеті де болатын. Бұдан кейін оқу-білімге шақырған өлеңдер болса,жаңалығы там-тұм, ілгердегі ағартушылық реализмнің сөзін қайталап, күйіс қайраудан әрі аспайтын.
Жас Мағжан Абайға еліктеді, өзін Алтын Хакім атаған ақынмен бір тақырыпта өлең сөз жарастырып та көрді. ("Жазғытұры", "Күз"). Сонымен біргге бұл кездегі қоғамдық ойдың ұлттық сипаты, орысимпериализмінің отаршылдық езгісіне қарсы күрес әсіресе қазақ поэзиясы мен публицистикасында айқын , ашық басым сипат ала бастағаны мәлім. Осы ағымның ең көрнекті, жаңа өрнекті бастаушыларының бірі Мағжан Жұмабаев болды. Алғашқы жинағының өзі үлтшылдық сипат (ұлтжанды, ұлттық деген мағынада) алса, мұның өзі тек кітап сөзіне еліктеуден тумаған. Мағжанның бірден ұлт ақыныбоп қалыптасуына өмірдің өзі әсер етті.
1. 2. Мағжан Жұмабаевтың "Шолпы"өлеңі
Сылдыр, сылдыр, сылдыр
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>