Мақал- сөз мәйегі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

«Мақал – сөз мәйегі»
І-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, сайысқа қатысушы тыңдаушылар!
ІІ-жүргізуші: Мақал-мәтел – ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал-мәтелдің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық.

І-жүргізуші: Мақал-мәтелді білмейтін адам жоқ деп айтуға болады, өйткені біздер мектепке келген күннен бастап үйренеміз. Мақал мен мәтелдер ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі. Ол ғасырлар бойы халықтың ұқыпты сақтап келген еңбек тәжірибесінің жиыны, ой пікірінің түйіні, аңсаған асыл арманының арнасы, өмір тіршілігінің арнасы, атадан балаға қалдырып келе жатқан тозбайтын, тот баспайтын өмірлік өшпес мұрасы.
ІІ-жүргізуші: Мақалда қорытынды тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі»- деген мақалда елді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр. Мәтелде ой тікелей білдірмей тұспалдап, жанамалап айтылады. Мысалы: «Көппен көрген –ұлы той»- мұнда не көрсең де халықпен көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.
І-жүргізуші: : «Сөздің көркі – мақал» деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады. Мақал-мәтелді көп біліп, көп қолданатын адамдардың білімі де, ақылы да арта түседі. Олай болса мақал-мәтел сайысымызды бастайық.
ІІ-жүргізуші: Байқауымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:
Балтағарина Кенжеш Қайроллақызы – Зеренді ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығының директоры;


І-жүргізуші: Алғашқы сөз кезегін орталық директоры Балтағарина Кенжеш Қайроллақызына береміз.
ІІ-жүргізуші: Байқауымыз үш кезеңнен тұрады.
1. Мақал-мәтелдер

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: