мас. . (етікші етікке жарымас)
Сөзде қаңқу жаман…(ауруда шаншу жаман)
Білімі жоқ ұл… (жұпары жоқ гүл)
І-жүргізуші: Байқауымыздың төртінші кезеңіне де жеттік.
Мақал-мәтелдерді орын тәртібі бойынша оқу.
Ел даусыз болмайды, ер жаусыз болмайды.
Жылқының етін жесең, тісіңе кіреді.
Жемесең түсіңе кіреді.
Сөзің тәтті болсын, ашуың қатты болсын.
Ана сүтін ақтамағанды, ешкім жақтамайды.
Өмір қартайса да, көңіл қартаймайды.
Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер.
Отаны бірдің жүрегі бір, жүрегі бірдің тілегі бір.
Кісінің кісілігі киімінде емес, білімінде.
Артында қызы қалғанның ісі қалғаны, ұлы қалғанның – өзі қалғаны.
Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
ІІ-жүргізуші: Байқауымыздың бесінші кезеңіне де келіп жеттік. Сұрақ-жауап.
1. Білмеген не ішеді? ( у ішеді)
2. Жас келсе неге? (іске)
3. Өтірікші кімді алдайды? (өзін-өзі алдайды)
4. Білгенің қанша, білмегенің қанша? (білгенің 9,білмегенің 99)
5. Адамда арқау бола ма? (Ас адамның аркауы)
6. Түкіріктен көл бола ма? (Көп түкірсе көл болар)
7. Тастың жеңілі бола ма? (Керек тастың ауырлығы жоқ)
8. Көпке не шашпа? (топырақ)
9. Дос басқа қарайды, ал дұшпан ше? (дұшпан аяққа қарайды)
10. Тауық түс көре ме? (тауықтың түсіне тары кіреді)
11. Сиырдың сүті қай жерде? (сиырдың сүті тілінде)
12. Бейнет түбі не? (зейнет)
13. Сөз анасы не? (құлақ), су анасы не? (бұлақ), жол анасы не? (тұяқ).
14. Не қылыштан өткір? (тіл қылыштан өткір)
15. Тұз астың дәмін келтірер, ал сөздің дәмін не келтірер? (мақал сөздің дәмін келтірер)
ІІ-жүргізуші: Осымен «Мақал – сөз мәйегі» атты байқаудың шарттарының кезеңдерін орындап шықтық. Ал, енді әділқазылар алқасы бір шешімге келгенше , шағын сөзжұмбақты шешсек
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>