н кейін, соңынан таза сумен толтырылады.
Тепловозды экипировкілегенде су қорын толтыру тарату колонкасы көмегімен төменгі төгетін құбыр арқылы болады.
Құмкептіргіш ғимараты дымқыл құм және құрғақ құм қоймаларының арасында орналасқан, ал барлық құм шаруашылығы комплексі локомотивтің экипировка позициясына жақын болады. Ғимарат жоспары екінші сызбада көрсетілген. Құрғақ құмды қыс уақытында сақтау үшін тікбұрышты, арықты, мұнаралы немесе бетонблокты түрде болады. Кең тараған түрі құрғақ құмның мұнаралы түрдегі қоймасы. Барабанды кептіргіштегі құм ВД түріндегі желдеткіші бар мұнаралы қоймаға немесе қысымды бак арқылы сығымдағыштарға беріледі. Экипировка позициясына құмды беру үшін әрбір мұнара астына екі қысымды бак орналастырады, бұған құм өзінен-өзі түседі. Ағынды су болмағанда, қысымды бактар мұнаралы түрдегі қойманың жерасты бөлігінде орналасады.
Мотор вагонды жылжымалы құрам мен локомотивке құм беру арнайы құбыры бар тарату бункерлері арқылы өздігінен беріледі, жылжымалы құрамда құм жәшіктерге толғанда қақпағы жабылады.
5. ҚҰМ КЕПТІРГІШТЕГІ ҚЫСЫМ БАГІНІҢ АҚАУЛАРЫН ЖӨНДЕУГЕ КЕЛТІРУ ТӘСІЛДЕРІН ТАҢДАУ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕУ
Құмды кептіруге арналған құрылымның кеңінен тараған барабан тәріздес кептіргіш типтері СОБУ-1, СОБУ-1М және СОБУ-2 ( кептіргіш отты, барабанды, бұрышты). Олардың бір-бірінен айырмашылығы барабанының ұзындығы және диаметрі, өнімділігінің сәйкестігі және барабан айналымының жиілігінде.
Қарапайым кептіргіш барабанының диаметрі 1000мм және ұзындығы 5000мм оның құрғақ құм өнімділігі 3225 кг/сағ.
Ылғал құмды қоймадан көліктеп құрғату пешіне жеткізу және тиеу үшін скрепер құрылымын қолданылады, құрғату құрылым бункерінде беріледі. Скипті көтергіш өздерін жақсы жағынан көрсете білді, металы тасымалдағышы бар, ал элект
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>