жаңбырдың" әсерінен азайып кетеді.
Локомотив шаруашылығында атмосфералық ауаны ластайтын көзі - ол тепловоз түтіні. Дизель түтінінде оксид көміртегі өте аз болады, өйткені дизель жанармайы толығымен жанып кетеді. Тағы да айта кететін жағдай, ол дизель жанармайының құрамында қорғасын тетраэтилі жоқ. Егер тепловоз дизелі жақсы реттелген болса, онда атмосфераға зиянды қоспаларды тастау 3-5 есе азаяды. Сондықтан локомотив шаруашылығында атмосфералық ауаның ластауына қарсы жүргізілетін шаралардың негізгісі ол тепловоз дизелінің жанармай аппараттарын реттеу, дизель майының толық жануын қамтамасыз ету. Ол үшін тепловоз жөндеу депосында дизельге бірнеше сатылы қызмет көрсету қарастырылған.
Қазіргі уақытта улы заттарды жағып жіберу мақсатында катализатор қолданылуда. Газдың дизельден шығатын жеріне орналастырылған мұндай катализаторлар 60-90 дейін улы заттарды жағып жібереді.
Жылжымалы құрамалардан шығатын қоршаған ортаны ластайтын қалдықтар: локомотивтің әр түрлі агрегаттарынан тамшылаған және төгілген мұнай өнімдері және дизельден шығатын жұмыс істеген газ.
Мұнай өнімдері қалдықтарын жинап алу үшін тепловоздың май ағатын орындарына әр түрлі жинау ыдыстарын қою және канализацияға қосылып кеткен май қалдықтарын жинау үшін мұнай ұстағыш қондырғыларын орнату.
Страницы: << < 12 | 13 | 14