ралы немесе шатырлы етіп алынады.
Каръерде дайындалған құм жылжымалы құрамға тиеліп жіберіледі. Құрғақ құмды жылжымалы құрамнан қоймаға крандар көмегімен жүргізеді, ол үшін қоймада қатар екі параллель жол болуы керек, кран үшін екінші платформа грейферлі кранды пайдалану қол еңбегін жеңілдетеді.
Қоймадан құмды кептіргіш пешке скреперлі қондырғы арқылы жүзеге асады.
7. ЖҰМЫС ОРНЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
Локомотивтерге техникалық қызмет көрсету және экипировкілеу кезінде техникалық қауіпсіздік ережесі және өндіріс санитариясын орындауға жауапты адамдар локомотив сервис орталығының бастығы, экипировкілеу меңгерушісі, депо кезекшісі болады.
Локомотив сервис орталығы әкімшілігі жұмысшыларды істелетін жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне оқытып ұйымдастырады. Жұмысшылар қауіпсіздік ережесінің әдіс-тәсілдерін үйрене отырып, емтихан тапсырғаннан кейін ғана жұмысты орындауға жіберіледі, тексеру комиссиясының актіге қолы қойылғаннан кейін ғана.
Гидровликалық берілісі бар тепловоздар мен дизель пойыздар депо тұрағына өзінің жүрісімен апарылып, жеройыққа қойылғаннан кейін дизель тоқтатылады. Мұндай дизель пойыздар мен тепловоздар кернеуі 400В кем емес арнайы тұрақты ток беретін ток көздері арқылы деподан шығарылады.
Ашық экипировка және тексеру жеройығында сол сияқты жуу алаңдарында контакт сымдарындағы кернеуі бар дабылдар құрылады. Алаңға кірер жерде басқышта депо ішіндегі дабылмен жалғасқан бағдаршамдар орнатылады.
Экипировкілеу депосына тепловозды апару және оны шығару дизель жұмыс істемей тұрғанда кернеуі 400В жоғары емес тұрақты ток көздері жүйесі арқылы іске асады немесе маневрлік тепловоздарда кезекші немесе оның көмекшіс
Страницы: << < 10 | 11 | 12 | 13 | 14 > >>