Ұлттық ойын түрлерін физика сабағында қолдану

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>

лса, ойын соншалықты көп болады. Ойыншылар тең екі топқа бөлінеді де, арасы он адымдай екі сызықтың бойына қарама – қарсы қатарласа тұрады. Жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың оң жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да: «қа» деп дайыстайды. Ол «ғаз» дейді, болмаса «ла» дейді. Сонда «қағаз, қала» т. б. сөздер шығады. Бұл ойын жастардың ойын дамытып, ана тілін жетік біоуге, тапқырлық қасиеттерге үйретеді.
Осы ойынды қолданып физикалық шамаларды, өлшем бірліктерін жаттап алуға дағдыландыруға болады. Мысалы: Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың бір оқушысы «m» әрпін көрсеткенде, екінші топ оқушысы «масса» деп жауап береді. Ойын осылайша қайталанады (Әр топ оқушыларының алдында физикалық шамалар мен өлшем бірліктері жазылған парақтар болады).
12- ойын «Ақ терек»
Халыққа кең тараған ойынның бірі. Ойынға қатысушылар кең, жазық алаңды жерді таңдап алады да, тең екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне басқарушы сайлап алады. Екі топ ара қашықтығы 20-30 метрдей жерде бір – біріне қарсы қарап, қол ұстасып, тізбек құрып тұрады. Қай топтың бірінші болып ойын бастайтынын жереби арқылы шешеді. Бірінші болып ойын бастайтын топтың басшысы қарсы тұрған топтың бір ойыншысының атын атап шақырады. Аты аталған ойыншы жүгіріп барып өзін шақырған қарсы топтың тізбегін бұзып өтуі керек. Егер ол тізбекті бұзып өтетін болса, онда бұзып өткен жердегі бір ойыншыны өзімен бірге ала кетеді. Егер бұзып өте алмаса, онда өзі сол топқа қосылып қала береді.
Ойын жалғаса береді. Ойын бір топтың жеңісімен аяқталады.
Бұл ойынды сыныптан тыс физикалық кештерде қолдануға болады. Мысалы: Бірінші топтың бір оқушысы екінші топтың бір оқушысына сұрақ қояды. Егер жауап бере алса, ұпайлары екі есе артады. Жауап бере алмаса, сұрақ қойған топқа екі е

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: