л жеңген жігітке тұрмысқа шыққан. Оқушылардың санына сәйкес сынып екі топқа бөлінеді.
1-топ «Қыз балалар»
2-топ «Ұл балалар»
Әр топтан бір – бір баладан шығып есеп шығарады. Кім бірінші шығарса, сол топ жеңеді. Ойын бірнеше рет қайталанады.
8-ойын «Байқап қал!»
Бұл ойынға балалар екі топқа бөлініп қатысады. Екі топ өздеріне басшылар тағайындап алады. олар стол үстіне 15-20 ұсақ нәрселерді қойып (мысалы: физикалық құралдарды) балаларға бір минут қаратқаннан кейін, өздері көрген нәрселердің тізімін жазуларын тыпсырады. Қай топтың балалары көп жазса, сол топ ұтқан болып саналады.
Ойын көру, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіре түседі.
9- ойын «Жүйріктер жеңеді»
Ойынға қатысушылар қызыл және сары топ болып екіге бөлінеді. Әр топтың алдында қызыл және сары түсті жұлдызшалары бар қорапша болады. Үй тапсырмаларын қайталағанда, жаңа тақырыпты бекіту кезеңдерінде сұрақтарға жауап берген сайын әрбір оқушы өзіне қызыл, сары жұлдызшаларды ала отырып, өздеріне ұпай санын жинайды. Сабақ аяғында жұлдызшаларының санына сәйкес ұпайлары саналып бағаланады.
Ойын оқушыларды белгілі бір мақсатта ұжымдық әрекет жасауға, шапшаңдыққа үйретеді.
10-ойын «Арқан тартыс»
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Тақта алдына ұзын жіп байланады. Киіз үй жиһаздары, ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдар т. б. суреттер салынған конверттер ілінеді. Әрбір оқушы өзіне ұнаған конвертті қиып алып, оның ішіндегі сұраққа жауап береді, есептер болса шығарады және сурет физикалық тұрғыдан түсіндіреді. Топтағы оқушылар бір – біріне көмектеседі. Қай топ көп тапсырма орындаса, сол топ жеңеді. Ойын ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді.
11- ойын «Орамал тастау»
Жастардың сүйіп ойнайтын ойындарының бірі. Ол жазда, алаңда, көгалда шөптесін жерде ойналады. Ойнаушылардың саны көп бо
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>