ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

сі бүкіл әлемге тағы да бір рет Қазақстанның әлеуеті мен орасан зор мүмкіндігін паш етті. Айта берсек, бір мақаланың ауқымына сыймайтын, бірнеше том кітап жазуға арқау болатын осындай жетістіктеріміз тәуелсіздіктің арқасында келді деп ойлаймын. Тарих үшін аз ғана уақыт боп саналатын ширек ғасыр ішінде, біз тәуелсіздігіміздің тұғырын бекітіп, баянды болашақтың жоспарын құрдық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен "Қазақстан - 2030", "Қазақстан - 2050"сынды ұзақ мерзімді даму стратегиялық бағдарламасы бекітіліп, қазіргі таңда жүзеге асырылуда. Олардың ішіндегі кейбір тарауларды уақытынан бұрын орындап, алға қарай қадам басып келеміз2.
Бұл жоғарыда айтылған жетістіктерімізді тізбелеп шығу арқылы, қазіргі жастардың, еліміздің ертеңі болатын ұрпақ осы толағай табыстарымыз жайында жақсы біліп өсуіне үлес қосуымыз қажет. Себебі соңғы кездері техника мен технологияның қарыштап дамыған заманында, еліміздің мақтан етуге тұрарлық табыстары балалардың санасына сіңіп, жүрегінен орын алуы қажет. Тек сонда ғана олар өсіп, азамат атанған кезде, мемлекетіміздің одан әрі көркейіп, гүлденуі үшін аянбай еңбек ететін болады. Ал кешегі бабаларымыздан мирас болып қалған ұлттық құндылықтарымыз өткенімізді өшірмеуге, тарихты ұмытпауғакөмектеседі. "Өткенін білмейтін адам, болашаққа да жоспар құра алмайды" деген қанатты сөз бар. Сондықтан да осы бастан қазақтың бай мәдениетін, салт-дәстүрін дәріптеуді күшейтіп, рухани жаңғыруды жалғастыра беруіміз керек. Кейбір адамдар "рухани жаңғыру" деген сөздің мағынасын басқаша түсініп, оны ұлттық мәдениетіміз бен таным-түсінігімізді алмастыру деп ойлап жүр. Яғни атаның қанымен, ананың сүтімен бойымызға сіңген салт-дәстүр, ырым-жоралғы, дін мен ділімізді бұрмалап, өзге жұрттың дүниетанымы мен көзқарасын қабы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: