лдау деп ұғынады. Әрине, бұл дұрыс емес. Мұндай кереғар пікірлерді соңғы кездері пайда болған түрлі діни ағымдардың жетегінде кеткен бауырларымыздан еститін болдық. Рухани жаңғыру деген - ол өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуді күшейту, Ұлы даланы мекен еткен дана бабаларымыздың ұстанған өмір жолы мендүниетанымын, яғни философиясын жете тану. Ең бастысы, осы құндылықтарды келешек ұрпақтың бойына сіңіріп, аманат ету. Осылайша, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты сақтай отырып, өзіміздің ұлттық ерекшелігіміз бен болмысымызды түлететеміз, яғни жаңғыртамыз. Әрине, бабалардың жолы екен деп, орта ғасырлардағы өмір салтымызды қайталап, бәріміз бірдей киіз үйде тұра алмаймыз. Бұл мүмкін емес. Есесіне, еліміздің әр түкпірінде ашылып жатқан, қазақтың бар болмысын боямасыз көрсететін этно ауылдарға барып, кешегі хан - сұлтандар салтанат құрған, сал - керілер сауық ұйымдастырып, ақын-жыраулар бірнеше күн бойы ән-күймен кең даланы тербеткен уақытты көру мүмкіндігі бар. Кеше ғана елордада өткен Экспо көрмесіне келген қонақтар көшпенділердің тұрмыс-салты мен ұлттық ойындарын тамашалап, таңғалғанын еске түсірейікші. Бүкіл әлемді тамсандырған осындай шаралар арқылы біз ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, рухани жаңғырып жатыр деп ойлаймын. "Рухани жаңғыру" деген - осы.
Әдебиеттер
1 Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) 5 томдық. Т1. -Алматы: "Атамұра", 2010. - 544 б. , илл.
2 Байжігітов Б. К. Қазақ ою-өрнегінің табиғи сипаты //Мектептегі технология. Ноябрь 11 (28), 2004ж.
3 Шоқпарұлы Д. Қазақтың қолөнері. - Алматы: Өнер, 2005. - 176 б.
References
1 History of Kazakhstan (from ancient to present) 5 volumes. T1-Almaty: "Atamura", 2010. - 544 p. Ill.
2 Baizhigitov BK Natural character of Kazakh orname
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>