ы талатын осындай кең байтақ даланы ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, бізге мирас етіп қалдырды. Сонымен қатар, батыр да дана бабаларымыз біздерге бай мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді де аманат еткендігі шындық. Бүгініміз байлыққа, ертеңіміз берекеге толы 21 ғасырда сол Дешті - Қыпшақты тұлпарының тұяғымен дүбірлетіп, қазақтың кең даласын қақпақыл ойнаған, алыспен ағайындасып, жақынмен жұғысып, көршілерге құшағын кең ашып, өзінің достық пейілі мен бейбітшілікті сүйгіш тілегін жасырмаған аталарымыздың дархан мінезі біздің де бойымыздан табылып жатқандығы қуантады. Соның арқасында, қазір еліміз көркейіп, жеріміз гүлдеп, жүздеген ұлт пен ұлыстан құралған Қазақстан халқы бір атаның баласындай тату-тәтті тіршілік етіп, өмір сүруде. Солтүстік пен оңтүстікте жайғасқан екі алып держава Ресей мен Қытай біздің стратегиялық әріптесіміз. Одан басқа, атам аманнан бері төсекте басымыз, төскейде төсіміз қосылып жүрген бауырлас халықтармен де қарым-қатынасымыз жақсы. Сол сияқты бүкіл Түркі әлемінің ішінде де абырой беделіміз жоғары, кәрі құрлық Еуропамен, алып мұхиттың ар жағындағы адуынды мемлекет Америкамен де саяси, экономикалық байланысымыз жылдан жылға дамып жатыр. Азия халықтары мен әлемнің басқа да елдерінен келген спортшылар Қазақстанда өткізілген байрақты бәсекелерде бақ сынап, арасындағы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарын анықтап жатыр. Бірнеше жыл қатарынан өткізілген Әлемдік және дәстүрлі діндердің съезінде адамзатты толғандырған келелі мәселелер талқыланып, түрлі өркениеттердің басшылары ортақ мәмілеге келу жолын қарастырды. Қуатты да айбынды әскеріміз жасақталды, жыл сайын мамырдың 7 күні, Қазақстан қарулы күштерінің құрылған күніне орай, елордада әскери шеру өткізіліп жүр. Ал жуырда ғана арайлы елордамыз Астанада ұйымдастырылған Экспо - 2017 халықаралық көрме
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>