ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

ЖАНБЫРШИЕВА Х. О


ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР - РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗІ
Ұлттық құндылықтар негізінде рухани жаңғырудың түп-тамыры -ежелден келе жатқан бабаларымыздың ғибратты ғұмыры мен тұрмыс салтында жатқандығы шындық. Жаңа заманда, жаңа технологиялардың күнделікті өмірімізге тереңдеп еніп жатқан кезеңінде, әр адам өзінің өткен тарихын ұмыта бастауы да ғажап емес. Сондықтан да ұлттық рухани құндылықтарды жадымызда жаңғыртып, халықтың есіне салып отыру-өте маңызды. Себебі, өткенімізді қайта түлетпей, алдағы күнді елестетудің қаншалықты қиын екендігі тарихтан белгілі.
Түйін сөздер:рухани жаңғыру, экспо, жолдау, салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар, тәуелсіздік, тарих.

Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс". Елбасымыздың Қазақстан халқына жасаған биылғы жолдауындағы осы бір маңызды сөздер жадымызда ерекше сақталып қалды. "Рухани жаңғыру" деген бастаманың негізінде біздің еліміз үшін ең қасиетті болып табылатын, мемлекетіміздің егемендігін білдіретін "Тәуелсіздік" ұғымы жатыр 1.
Тәуелсіздік! Бұл қасиетті ұғымды біз қастерлеп өстік. Алайда кейбір адамдар осы бір астарында терең мағына, кемел ой жатқан сөзді жеткілікті дәрежеде түсіне алмайтын сияқты. Ата-бабамыз көне замандардан бері аңсап, ер азамат аттан түспей, қол қылыштан босамаған жаугершілік уақытта сол еркіндікке жету үшін талай қиындықты бастан өткерді. Баянды болашақ үшін, келер ұрпақ азаттықтың арайлы таңын көре алсын деген ізгі ниетпен ұшқан құстың қанат

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: